ҚНМӘСО қызметкерлері сел қаупіне дайындық шарасына қатысты.
Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығында сел қаупі туындаған жағдайда әрекет етуге үйрететін оқу-жаттығу өтті. 2017 жылдың 20- сәуірінде өткен шара әкімшілік құрамын, медицина қызметкерлері мен жұмысшылардың және орталықтағы Төтенше жағдай қызметінің тәжірибесін , әрекет ету кезіндегі біліктілігін тексеруге мүмкіндік берді. Оқу-жаттығудың басты мақсаты - төтенше жағдай кезінде орталық қызметкерлерінің адамдарды ғимараттан қауіпсіз жерге көшіруге ептілігін шыңдау.
Жаттығу кезінде инженер Азаматтық қорғау және төтенше жағдай бойынша инженер Айдар Төлебеков қабылдау бөлімінде төтенше жағдай кезінде жасалатын емдеу-көшіру әдістерін көрсетті. Сонымен бірге апат ошағында медициналық көмекті көрсетудің ережелерін түсіндірді.Орталық қызметкерлерінің мүмкіндігін таразылап, апат салдарын жоюға медико-санитарлық құралдар тексеріліп,оның дайындығын пысықталды. Наркологтар, медбикелер және орталық жұмысшылары ғимараттан адамдарды көшіру және сел қаупі туындаған жағдайда дұрыс әрекет-қимыл жасау әдістерін үйренді.
Айдан Төлебеков адамдарды басқа ғимаратқа көшіру жоспары қағаз күйінде қалмастан нақты әрекет ету құралына айналдыру үшін , тосын оқиғада дүрбелеңді және адам шығынан болдырмау мақсатында ол тәсілдерді нақты қимылдармен көрсетті. ҚНМӘСО қызметкерлері сел қаупі туындаған жағдайда жеке құрамның әрекет ету алгоритімін әзірледі және әкімшілік құрам, медицина қызметкерлері мен жұмысшылардың іс жүзінде атқаратын міндеттеріне машықтандыру жоспары жасалды.