Биыл 4-5 мамырда Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығында Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты жиын өтті. Орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова барлық ер азаматтарды және тыл еңбеккерлерін келе жатқан мерекесімен құттықтады.
Салтанатты жиында бас дәрігер қатысушыларға шексіз ризашылығын білдіріп ,сыйлықтар тарту етті.
- Барлық азаматтарды Отан қорғаушылар және Ұлы жеңіс күнімен құттықтаймын. Бұл мерекенің ерекшелігі бойымызға патриоттық сезім ұялатып, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятады. Сіздердің еңбектеріңізге жетістіктер , отбасыларыңызға береке-бірлік және жер бетіндегі барлық жақсылықты тілеймін- деп бас дәрігер Гүлсара Сүлейменова тілек білдірді.
Сонымен бірге Жеңіс мерекесіне орай Алматы Қалалық наркологиялық орталықта ашық есік күні өтті. Қала тұрғындары нарколог,терапевт ,психолог және психотерапевтің кеңесіне жүгініп, ақысыз медициналық көмек алды.
4-5 мамырда ҚНМӘСО мәжбүрлі түрде емделушілері футбол және армрестлинг бойынша жарыс өтті. Ал Орталық әкімшілігі жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттады.