ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

       2017 жылдың 16-маусымында Алматы қалалық наркологиялық орталықта «Медицина қызметкерлері күніне»  арналған  салтанатты жиын өтті.  Кәсіби мереке  қарсаңында  еліміздің медицина саласына қосқан үлесі , адам денсаулығын, өмірін сақтап қалу үшін орасан зор еңбек сіңірген үздік  дәрігерлер , мейірбикелер  марапатталды.        

    Алматы қалалық наркологиялық медициналық –әлеуметтік түзету  орталығының бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова барлық қызметкерлерді  кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет грамоталарын , ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі төсбелгісін  табыстады.

    Орталықтың Бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары Гүлмира Әбдібаева және Бас дәрігердің мейірбикелер ісі жөніндегі Шолпан Шайымова ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі төсбелгісімен марапатталды.

   Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айгүл Әбдікерова «Медицина саласының үздігі»  деген құрметті атаққа ие болды. Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы  емхананың дәрігер наркологы Найля Булинаға берілді. Орталықтың мәжбүрлі түрде емдейтін  №7 бөлімшесінің медбикесі Бахыт Тұрғынбаева «Мейірім» медалін кеудесіне тақты.  Сондай-ақ Қалалық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатын бөлім меңгеруші Қ. Қожакенов,   Қ.          Ақшалова ,  А. Қошиева, Ұ. Әбдіқадырова ,А. Нұржауова ,Т .  Иманбекова алды.  Кәсіби мереке қарсаңында Қалалық наркологиялық медициналық –әлеуметтік түзету орталығының мамандарына  «Нұротан» ХДП мен «Медик» кәсіподақ комитеті құрмет грамоталарын , сыйлықтар тарту етті.  Өнерпаз оқушылар би мен әннен шашу шашып, салтанатты жиынның көрігін қыздырды.  

 IMG_0038.JPG

IMG_0055.JPG

IMG_0073.JPG