ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

 Алматыда күн сайын  500-700 тұрғын наркологиялық анықтама алады .  Қалалық наркологиялық медициналық -әлеуметтік түзету  орталығының анықтама беретін терезесі  алдынан күні бойы  кісі үзілмейді.   Алматы қаласы ғана емес , өзге өңірдің тұрғындарына осы жерден анықтама алуға мүмкіндік бар. Себебі,  Орталықтың анықтама беретін базасында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған, яғни Республикалық ақпаратпен қамтамасыз етілген. Тұрғылықты мекен –жәйіне шапқыламай осы жерден анықтама алған кез-келген отандасымыз үшін өте қолайлы.  Анықтама - Наркологиялық есепте бар-жоғы туралы мәлімет  беретін құжат.  Талапкерлер  , әскери кафедра мамандары, банктің сұранысы бойынша және  ауруханада  порталға тіркелу мақсатында,  әскерге шақырылған азаматтар тарапынан сұраныс артқан.  Анықтама ақылы.  

       Енді кімдерге анықтама тегін беріледі?  

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1 және 2 топтағы мүгедектер, әскер қатарына шақырылғандар  және кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер  анықтама ақысыз алады. Тек орталыққа келгенде жеке куәлігін және жеңілдікке рұқсат беретін құжаттарын көрсетуі керек.

  

      Қарлығаш Акшалова Алматы қалалық наркологиялық медициналық -әлеуметтік орталықтың анықтама беретін кабинеттің маманы, медбике. Оның айтуынша Наркологиялық орталыққа сенімді өкілін жіберіп, анықтама алуға болады.    

  -  Ол үшін анықтама алушы басқа біреуге сенім хат тағайындап, оны нотариуста куәландыруы керек. Әрі анықтама алатын адам наркологиялық есепте тұрмауы керек. Есепте тұратынымды білмедім деп, сенімді өкілін әуре-сарсаңға салатындар да болады, - деп күледі Қарлығаш Акшалова.

   

      Маскүнем немесе нашақор деген сөз құлаққа жағымсыз естіледі. Есепте тұрған адамның  жұмысқа орналасуына да кейде тұсау болып жатады.  Әрине қара тізімнен құтылудың жолы біреу ғана. Ол үшін алкогольді сусындар мен есірткіден бас тартып, тәуелділік дертінен емделу керек. Алматы қалалық наркологиялық орталықтың маманы Қарлығаш Акшалованың айтуынша үш жыл бойы ащы су, 5 жыл бойы есірткіден бойын аулақ ұстаған адам ғана наркологиялық есептен шығарылады. Бұған қоса нарколог дәрігер емделушіге кеселден айыққанын дәлелдейтін анықтама береді. Ал көлік жүргізуге рұқсат беріле ме, ол жағын психолог, невропотолог және дәрігер наркологтан құралған комиссия зертханалық  сараптама қорытындысына сүйеніп, шешім қабылдайды.  

      Наркологиялық орталық мамандарының айтуынша Алматыда  7500-ге жуық  адам наркологиялық есепте тұр.