ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

    IMG_1385.JPGБүгін 13- қыркүйекте Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығында «Әкем, анам және мен - спорт сүйетін отбасы» атты іс-шара өтті. Орталықтың әр бөлімінен бір  қызметкер  отбасымен байқауға  қатысты. Сайыста 7 отбасының ептілігі, икемділігі және шапшаңдығы сынға түсті. Қатысушылардың ең кішкентайы 5 жаста.

 

      IMG_1187.JPG

Ойын шарты бойынша балалар ата-анасымен бірге сурет салды, жүгіру, сырнайды аяққа қыстырып секіру, жұмыртқаны қасыққа салып жүгіру , қаппен және жіппен секіруден жарысты. Бұл додада  балалар қуаныш пен шаттыққа бөленді. Кішкентай ойыншылар ата-анасы мәреге жеткенше жанын шүберекке түйіп, біресе қобалжып,біресе қуанды.  Бұл іс-шараны орталықтың Психологиялық зертхана мамандары ұйымдастырды. Мақсат отбасындағы ынтымақ, татулықты нығайту және жеткіншектерді спортқа баулу.  Жарыста ҚНМӘТО  №10 бөлімнің мейіргері Талғат Шакиевтің отбасы , 2-орынды  Ақылы бөлімнің мейірбикесі Замира Ділмұратованың отбасы, 3-орынды Қабылдау бөлімнің фельшері Талғат Ашонов отбасы иеленді. Орталықтың кәсіподақ ұйымы жеңімпаздар мен қатысушыларды сыйлықтармен марапаттады.  

  

 

IMG_1454.JPG

 

IMG_1470.JPG