Бүгін Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығының емделушілері ерекше сыйлықтар алды. Орталықта маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлі түрде 6 айдан екі жылға дейін емделушілер үшін кітап ерекше сый және жанның азығы .
«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының қолдауымен «Бауыржан» қайырымдылық қорының өкілдері 100-ден астам кітап тарту етті. Орталықтың әр бөліміндегі кітапханалар отандық, шетел және балалар жазушыларының туындыларымен толықты. Қор өкілдерінің айтуынша кітаптар «Кітап- Fest” фестивалінде жиналған.
БОЛАТ ҚАСЫМОВ
- Бұл кітаптар «Кітап-Fest» фестивалінде жиналған.
Кітап көп оқыған адам -ол рухани бай жан. Әрі науқастың өмірін өзгертуге септігін тигізеді деп үміттінеміз.