2018 жылғы 02 наурызда нарколог-дәрігер С.К.Кеңесбекова №180 орта мектептің 7-11 сынып ұлдары арасында «Нашақорлықтың, маскүнемдіктің және темекі шегудің алдын алу. Психикалық белсенді заттарды пайдалану салдары» тақырыптарында дәріс өткізді. Оқушыларға бейнефильмдер көрсетіліп, пікір-талас жүргізілді. Кездесудің мақсаты - ПБЗ пайдаланудың себептерін анықтау және оның алдын алу. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын сақтауға баулу, ПБЗ пайдаланудың денсаулыққа тигізер зиянды әсері мен салдарын түсіндіру. Іс-шараға барлығы 250 адам қатысты.