ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

Алматы қалалық наркологиялық орталықта күн мен түн теңелген күні  жұртшылық келіннің беташарын көруге жиналды. 21- наурызда Орталық ауласында Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара той-думанмен басталды. Киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Емделушілер, қонақтар наурыз көжеден дәм татып, өнерпаздардың ән-биін тамашалады. Орталық қызметкерлері ұлтымыздың дәстүрін паш ететін «Беташар», «Тұсау кесер» салтын сахналандырды.

     Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев мерекеге келген қауымды ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, орталық қызметкерлерінің ісіне табыс тіледі. Алматы қалалық наркологиялық орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова наурыз мерекесі- тіршіліктің бастауы, табиғат түлеп, жер бетіне күн шуағын шашқан , ынтымақ, татулық, ізгіліктің мейрамы екенін атап өтті.

     Наурыз шығыс халықтарының ортақ мейрамы. Орталықта еңбек ететін қызметкерлер , емделушілер өз ұлтының ән-биін орындап, шашу шашты.

   Наурыз   Шығыс халықтарының бүкілхалықтық мейрамы. Сан мыңдаған жыл бұрын жыл басы мерекесі ретінде тойланып, бұл күні адамдар бір-біріне жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттерді парыз ретінде үрдіске айналдырған ерекше күн. Алматы қалалық Наркологиялық орталықта наурыз мерекесі ерекше аталып өтті.      

29597285_181597592471199_267182514785467172_n.jpg29512709_181597652471193_1038898574961327487_n.jpg29571170_181597542471204_5874193170608276582_n.jpg29512893_181597732471185_290116347668246744_n.jpg29512718_181597692471189_421521276367987434_n.jpg29541643_181597765804515_2543266570993770864_n.jpg