06.04.18ж. Дәрігер нарколог Кенесбекова С.К. №164 орта мектептің ата-аналар жиналысында " Нашақорлық, маскүнемдік, шылымқорлықтың алдын алу. Психикалық белсенді заттарды қолданудың алғашқы белгілері" тақырыбында дәріс өткізді. Бейнефильмдер көрсетілді, пікір-талас жүргізілді. Кездесудің мақсаты ПБЗ колдануға апаратын себебтері мен алдын алудағы ата-ананың жауапкершілігін арттыру. Ата - аналарға ПБЗ қолданудың алғашқы белгілерін түсіндіру. Жасөспірімдерді СӨС сақтауға баулу, ПБЗ қолданудың денсаулыққа әсерін, салдарын түсіндіру. Кездесуге 125 адам қатысты.