ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

-Мейірбике - біздің саладағы ең қайырымды мамандық. Бүгінгі таңда Қазақстанда 170 мыңнан астам, Алматыда 11 мың орта медицина қызметкері еңбек етеді. Мамандарды даярлауменқалада 10 медициналық колледж айналысады. Оның біреуі мемлекеттік. Алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамыту аясында пациенттерді бақылаудың кейбір қызметтері : созылмалы ауруларды басқару, науқастарға үйінде ем-дом көрсету кезең –кезеңімен жалпы тәжірибелік арнайы даярлықта шыңдалған мейірбикелерге беріледі,-деді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Серікбол Мусинов.

Бүгінмейірбике күніне арналған салтанатты жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев, Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Серікбол Мусинов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Денсаулық сақтау саласына ерекше үлес қосқан ,өз ісіне адал,еңбегі еленген, еңбекқорлығымен ерекшеленген білікті мейірбикелер «Құрмет грамотасымен», қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығының аға мейірбикесі Ризвангүл Тұрдиева Алматы қаласы әкімінің «Алғыс хатын» алды. Сондай-ақ Қаламқаш Далабаева, Рушангүл Ниязова Денсаулық сақтау ісіне қосқаны үшін, ал Қапия Абажанова Денсаулық сақтау саласының үздігі төс белгісін тақты.

       Кәсіби мереке қарсаңында алматылық мейірбикелер, фельдшерлер, акушерлер әріптестерінің құрмет-қошеметіне бөленді. Жиын соңы әуезді әнмен әрленіп, биге ұласты.

IMG_2292.JPGIMG-20180511-WA0042.jpg

IMG-20180511-WA0041.jpg

IMG-20180511-WA0040.jpg