18-мамырда Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығына Қытай Халық Республикасының Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицен мен бірнеше өкілі келді. Шетелдік қонақтар сот шешімінен кейін маскүнемдік , нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емдеу бөліміндегі қыз-келіншектердің палатасын, жаттығу залын аралады және тәуелділіктен емдеудің әдіс- тәсілдерімен танысты. Орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова есірткі заттары мен алкогольді сусынға құмар науқастарға көрсетілетін медициналық ем-шара , психологиялық сауықтыру туралы баяндап берді. Көрші мемлекеттен келген мамандардың мақсаты тәжірибе алмасу және құқық саласында өзара әріптестікті нығайту. Астанада 17 мамырда ҚР Әділет вице министрі Наталья Пан Виссарионовнаның Қытай Халық Республикасының Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицен бастаған делегациямен кездесіп, тараптар құқық саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.