Алматыда 26-маусым – нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күніне орай айлық шарасы басталды. 23 мамырда 2018 жылы қаладағы № 91 мектепте ҚНМӘО нарколог дәрігері Кеңесбекова С. «Нашақорлық, маскүнемдік және темекі тұтынудың алдын-алу» деген тақырыпта баяндама оқыды. Жиынға мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары және 9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара жасөспірімдердың өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткі ,басқа да психоактивті заттарды қолданбауға , жағымсыз әдеттен жастарды жирендіруге ықпал етуге бағытталған. Семинарда бейнефильмдер көрсетілді. Семинарға 50 қатысты.