Алматыда 24 ақпан 2018 жылы дәрігер нарколог Кеңесбекова С. №185 жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларына "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз. Психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын- алу" деген тақырыпта дәріс өткізді . Адам ағзасына қауіпті заттың зияны туралы бейнефильмдер көрсетілді. Жасөспірімдер арасында пікір-талас ұйымдастырылды. Бұл жиынның мақсаты жастарға спортты серік етуге үгіттеу , психикалық белсенді заттарды тұтынудың денсаулыққа әсерін, зиянын түсіндіру. Нашақорлыққа апаратын себептерін айқындау және алдын -алу. Нарколог дәрігер 100 оқушы қатысқан жиында оларды психикалық белсенді заттардан аулақ болуға шақырды.