ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

       2018 жылдың 14-маусым күні Медеу ауданы әкімі Ержан Жылқыбаев Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, мақтау грамоталарымен марапаттады.

 

IMG_2661.JPG

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында өткен салтанатты шараға аудандағы медициналық бірлестіктердің қызметкерлері , денсаулық сақтау саласының ардагерлері қатысты.

     Ірі клиникалар , емханалар, шипажайлар, медициналық орталықтар ,перзентхана, оқу орындары шоғырланған ауданда 11 медициналық ұйым тәулік бойы тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетіп келеді.  Қала бойынша медицина ұйымдары рейтингісінде5 жылдан бері Медеу ауданы денсаулық сақтау бірлестігі көш бастап тұр.

     Медицина қызметкерлері күніне арналған жиында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хатымен» Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығының бөлім меңгерушісі Роман Юрьев және нарколог дәрігер Надежда Черченко марапатталды. Мейіргерлер Гүлзира Арыстанбекова, Мөлдір Жапаралиева Медеу әкімінің және Азамат Райымжан «Нұр Отан» ХДП мақтау грамотасын иеленді.

         Халықтың денсаулығын нығайтып, шипа іздегендерге әрдайым көмегін аямайтын ең мейірімді мамандық иелерін елімізге танымал әншілер де құттықтады ,ән мен жырдан шашу шашты.

 IMG_2654.JPG

IMG_2641.JPG

 IMG_2682.JPG