ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

 Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қалалық Наркологиялық орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова ең үздік мамандарды құттықтап, марапаттады.

-         Бүгін барлық ғұмырын тұрғындардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған медицина қауымының еңбектері еленетін күн. 

Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке ие. Ұлттың денсаулығын нығайту , денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттары десек, жыл сайын емдеу мекемелерінің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға ықпал етіп, дәрігерлерге заман талабына сай біліктілігін, білімін жетілдіру міндеті тұр. Осы саладағы өлшеусіз еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз.Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын , отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін,-деп бас дәрігер тілек білдірді.

     Жиынға осы орталықты бірнеше жыл басқарған экс -бас дәрігер Б. Дубинин қатысып, әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

IMG_20180614_120246.jpg

Салтанатты шарада кәсіби біліктілігімен ерекшеленген , өз ісіне адал нарколог дәрігер Сәрсенова Г, мейіргер Мансурова С, кіші бике Қастеева К мақтау грамотасымен марапатталды.

IMG_20180614_120255.jpg

Сонымен бірге қалалық және аудандық спартакиада және қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып, ауданның намысын қорғап жүрген қызметкерлер    Өмірбекова Ә , Есімов Н, Райымжанов А, Өтеген А, Аманғазиева Ж да сыйлыққа ие болды.

   Алматы қалалық наркологиялық орталықта 500 –ден астам маман жұмыс істейді. Маскүнемдік пен нашақорлық дертіне шалдығып, шипа іздеген жандарға тәулік бойы қызмет көрсетеді.

       Медицина қызметкерлері күні қарсаңында маскүнемдік, нашақорлықтан және оған тәуелділіктен арылуға араша болып жүрген дәрігерлерге құрмет-қошемет көрсетілді.