- Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) «Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы» Заңның 10- бабының 2- тармағына сәйкес әзірленді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу белгілі бір тұрмыс тіршіліктің саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жүйелі ұсынымдарды белгілеу мақсаты болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу міндеттері болып табылады мыналар табылады:
- қоғамдық қатынастар жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртібін қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мақсаттары:
- заңдылық;
- транспаренттілік;
- әдептілік;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
- мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мазмұны
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қатынастардың жеке салалары үшін әзірленеді.
Оларға:
- денсаулық сақтау;
- білім беру;
- әлеуметтік қорғау;
- мәдениет және спорт;
- жер қатынастары;
- құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздік;
- тұрғын – үй коммуналдық шаруашылықты басқару;
- сот төрелігін орындау;
- прокуратуралық қызметі;
- салықтық әкімшілендіру;
- жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;
- ауыл шаруашылығы;
- табиғатты пайдалану және экология;
- санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- өнеркәсіп, құрылыс, көлік;
- энергетика;
- қаржылық, соның ішінде банк қызметі;
- қоғамдық қатынастардың басқа да салалары жатқызылуы мүмкін.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар белгіленген ережені мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекетін және шешімдерін осы Әдістемелік ұсынымдардың қосымшасына сәйкес анықтайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар негізінде лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау көз қарасы:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
- өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау;
- нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау;
- тіршілік әрекеті саласы тиісті спецификасына байланысты өзге қоғамдық маңызды қатынастар кезінде қалануы тиіс.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу рәсімі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жұртшылық қатысуымен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен әзірленеді және заңнаманы әзірлеу мен құқықтық қолдану тәжірибесінде есепке алынады.
- Жұртшылықтың қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жобасын әзірлеушінің интернет-ресурсында орналастыру және оған ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау, қоғамдық тыңдаулар өткізу, әзірленіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жобасын талқылау үшін «дөңгелек» үстел форматы отырыс өткізу жолдарымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мемлекеттік органның, ұйымның, қоғамдық қатынастардың жеке саласына жетекшілік ететін квазимемлекеттік сектор субъекті басшысының шешімімен бекітіледі.
- Бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеушінің интернет – ресурсында және өзге бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын орындау
- Мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдарға орындау үшін міндетті.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауаптылық мемлекеттік органның, ұйымның, қоғамдық қатынастардың жеке саласына жетекшілік ететін квазимемлекеттік сектор субъекті басшысының шешімімен белгіленеді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуына бақылау мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына жүктеледі.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуы (сақталмауы) туралы ақпарат орган, ұйым қызметкерлерінің жұмысын аттестациялау және бағалау кезінде қолданылады.