ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

WhatsApp Image 2019-06-01 at 23.21.55.jpeg

 

 

 

Бүгін Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медицина қызметкерлеріне беретін пайдасы ,халыққа сапалы қызмет көрсету және оның қолжетімділігін арттыруға байланысты мамандар ой бөлісті. Орталықта мыңнан астам маман жұмыс істейді.
Басқосуда орталық директоры Сапар Рахменшеев МӘМС қорының негізгі қағидаларына тоқталып ,медицина қызметкерлеріне жұртшылыққа көрсетіліп жатқан медициналық қызмет сапасының жоғары деңгейде екенін және әрі тұрғындарға сақтандыру қоры туралы белсенді түрде ақпараттандыру қажеттігін алға тартты.
-Елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емхана ,аурухана ,медициналық орталықтардың ең үздік клиникалар тізіміне қосылуына және медицина қызметкерлерінің жалақысының тұрақты түрде өсуіне мүмкіндік береді. Бұған қоса МӘМС аясында емделуші дәрігерді таңдау мүмкіндігі бар екенін білуі керек ,-деп директор сөзін түйіндеді.
Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығында биыл ментальды мектеп жұмысын бастады. Әр сәрсенбі сайын медицина қызметкерлері, заңгерлер және әлеуметтік қызметкерлер пациенттердің туысқандырымен кездеседі. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету , құқықтық кеңестер береді. Сонымен бірге мектепке келушілер міндетті медициналық сақтандыру қорына қатысты мағлұматтар да алады.

 

 

WhatsApp Image 2019-06-01 at 23.12.25.jpeg

WhatsApp Image 2019-06-01 at 23.23.03.jpeg