ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

1b0912f1-54f9-4ca7-96b7-51cbcd0b29ae.jpg

          Нашақорлыққа тәуелді қыз –келіншектердің фотокөрмесі өтті.

28 маусымда Алматы қалалық Психологиялық сауықтыру орталығында «Қызғылт сары таң» деп аталатын фотокөрме өтті. Көрмеге есірткіге тәуелді әйелдердің суреттері қойылған.  Олар отбасынан айырылған, түрмеде жазасын өтеген және туысқандары теріс айналып, есірткісіз өмір сүре алмайтын , тәуелділік тағдырын талқандаған жандар.

      Фотокөрмеге сурет кейіпкерлері декелді. Жұртшылыққа проблемаларын әңгімеледі және бет-жүзін ешкімнен жасырған жоқ.

Көрмеге қатысушылар нашақорлықтың зардабы ,  гендерлік теңсіздікті жою, медициналық, әлеуметтік ,құқықтық қызметтерге қаражат бөлу  қажеттігін айтады. Сондай-ақ қыз-келіншектер қоғамдаопиоидтік алмастыру жобасына шектеуқою туралы пікірлерді құптамайтынын және   өздерінің наразылықтарын қызғылт сары түс арқылы паш етуге бел буыпты.

-         Мен 22 жыл нашақор ретінде есепте тұрамын. Оның 15 жарым жыл түрмеде жазамды өтедім. Бастапқыда ұрлықпен ұсталдым, кейін есірткі сатып, бас бостандығымнан айырылдым.  2 жылдан бері есірткіні алмастырушы препаратты қабылдаймын.  Екінші күйеуіммен осы бағдарламаға қатысып, тұрмысымыз оңалды,өмірім өзгерді.  Жұмысқа орналастық. Есірткіні бұрынғыдай іздемеймін, қоғамның біз туралы  пікірінің өзгергенін қалаймын,  -дейді Алматы тұрғыны Маржан Жүнісова.

Алматы қалалық психологиялық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеевтің айтуынша опиоидтік алмастыру емдеу жобасына  ЖИТС инфекциясын жұқтырған , оған тәуелділіктен бірнеше жыл бойы айықпаған нашақорларды комиссия мүшелері іріктейтінін айтады. Екі жыл бойы бағдарламаның көмегімен  жұмысқа орналасқан, қоғамдық іс-шараларға  атсалысып, отбасына оралған науқастар бар.

-            Соңғы кездері метадон терапиясымен емделушілер  саны артып келеді. Қазір бұйрыққа сәйкес ЖИТС дертіне шалдыққандар ғана емес бірнеше рет  есірткіден бас тартуға тырысып, талай жыл емделіп, шипа қонбаған емделушілердің ұсынысын қабылдап жатырмыз. Комиссия талап-ережеге сәйкес үміткерлерді іріктеп, әрі қарай емдейміз, -дейді Орталықтың директоры Сапар Рахменшеев.

             Метадон терапиясы есірткіге тәуелділіктен емдеудің бір әдісі. Мамандардың айтуынша эйфория туғызбайды және есірткіге деген құмарлықтан құтылады. Адамның есірткі заттарына деген психологиялық тәуелділігін жоюға ықпал етеді.

            Бүгінгі фото көрмеге «Жазалаудың орнына бірге қолдайық» атты халықаралық компанияның белсенділері ,  Республикалық психикалық сауықтыру ғылыми-практикалық орталығы , «Реванш», «Қазақстандағы ЖИТС –пен өмір сүретін әйелдер» қоғамдық қорларының өкілдері қатысты.  

           Ұйымдастырушылар метадон терапиясы ЖИТС індетіне тосқауыл болатын бірден-бір амал деп есептейді. 30244ce1-1085-4538-8640-f092d1443f7c.jpg

 

4a05a509-425b-4873-a81f-3c6d7eab6d44.jpg

6eae9305-ffba-4c51-bb40-d3776f37f2e0.jpg