ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

WhatsApp Image 2019-10-02 at 19.23.22 (1).jpeg


Бүгін Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығы «Халықаралық қарттар күні» қарсаңында баспасөз маслихатын өткізді.
Жиында мамандар қартайған шақта әбігерге салатын деменция және Альцгеймер аурулары жайлы мәселелерді талқылады.
Биыл Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығында геронтология бөлімі ашылып, 5 айда 90-ға жуық қала тұрғыны емделді. Кәрілік жеткенде немесе ерте қартайғанда мазалайтын Альцгеймер кеселімен күресу , аурудың алғашқы белгілері, оның алдын-алу мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар жайында орталық директоры Сапар Рахменшеев ойын бөлісті.
-Қазіргі таңда қарттар арасында ақыл-есінің төмендеуі, яғни Альцгеймер ауруы белең алып келе жатыр. Бұл өте өкінішті жағдай. Орталықта емделушілердің дертінің асқынуына жол бермеу үшін барлық медициналық, психологиялық көмек көрсетіледі. Ең бастысы біздің аурухананың атынан ел үркеді. Қорқудыңда керегі жоқ. Біздің мақсатымыз науқастарымызды дертінен айықтырып, еңбекке баулып, қоғамға бейімдеу. Олардың өмірге деген құлшынысын ояту. Тұрғындарға біздің есігіміз әрқашан ашық ," - дейді Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев.
Әлем ғалымдары 2050 жылдары 60 жастан асқан адамдар саны 12 % -дан 22 % - ға дейін артады деп болжайды. Қазіргі таңда Қазақстанда 165 мың тұрғын деменциямен ауырады. Көбінесе медициналық көмекке мұқтаж қариялар дәрігерлердің көмегіне жүгінуге ұялады немесе кеселін жасырады. Өкінішке қарай келесі жылы деменция шеңгеліне 390 мың тұрғын шырмалады деп мамандар дабыл қағып жатыр.
Сондықтан дерттің алғашқы белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну керек. Орталық басшысы БАҚ өкілдеріне науқастар серуендеп, тынығатын қысқы бақты көрсетті. Сонымен бірге Сапар Рахменшеев емделушілерді көпшілікпен етене араласуға икемдейтін еңбек терапиясының ақыл-есі кем жандар үшін пайдасын атап өтті.
Тігін цехы мен баспаханада жұмыс қызған. Емделушілердің қолымен жасалған медициналық киімдер, кеңсе заттары, конверттерге сұраныс артып келеді. Себебі сапасы зор. Орталықта Альцгеймерді ,деменцияны ауыздықтау үшін атқарылған жұмыс ұшан-теңіз .

 

WhatsApp Image 2019-10-02 at 19.23.05.jpeg

WhatsApp Image 2019-10-02 at 19.22.36.jpeg

Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының баспасөз қызметі.