Статистика: Өз-өзіне қол салғандар мен жүйкесі сыр бергендер Елімізде өз-өзіне қол салатындардың көбі дәрі ішіп өледі. Психикалық сауықтыру күнін атап өтуге жиылған дәрігерлер осылай деп мәлімдеді. Биыл бір ғана Алматыда өмірін қимақ болғандарға қатысты 733 оқиға тіркелген. Ал жүйкесі сыр бергендердің саны 10 мыңнан асып жығылады. Алайда ресми тіркелмеген науқастар әлдеқайда көп болуы мүмкін. Автор: Салтанат Шырынхан 10.10.2019 Орал: Үйі бар да, жолы жоқ ықшамаудан – Сарыарқа Алматыда бас қосқан есепшілер не мәселе көтерді? Жат туыстар: Нотариусты кім өлтірді? Психикалық ауытқуы бар адамдар арнайы орталықтарға барып дәрігерге қаралуға қымсынады екен. Әсіресе, алып шаһарда шизофрения диагнозымен орталыққа жатқызылатындар еселенген. Ақыл-есінде ауытқушылық байқалатындардың 75 пайызы аталмыш тұқым қуалайтын дертке шалдыққан. Бүгінде балалар арасында да бұл дерт өршіп тұр. Ақ халаттылардың айтуынша, күйзелістің салдары, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі, жұмыссыздық, сары уайымға салыну адамды ақыл-есінен адасуға әкелуі мүмкін. Дәрігерлер жүйкесі жұқарып ауруы асқынғандар тек дәрінің күшімен ғана өмір сүретінін жеткізді. Сапар Рахменшеев, Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры: - Кез келген аурудың емі бар. Егер ауру созылмалы болса, оның өршу кезеңін болдырмауға дәрі-дәрмек қабылдаса, өршу кезеңі болмайды. Кез келген ауруды емдеуге болады.
ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.
https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/10/10/131558/