Сіздерді маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтетін кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Бүкіл әлемді дүрліктірген індеттен адамды ажал аузынан арашалап, әр науқастың денсаулығын сақтау үшін төккен тер , тынымсыз еңбек , кәсіпке адалдықтың озық үлгісін көрсеткен еңбектеріңізді ерлікке теңеймін. Баға жетпес байлық – денсаулық десек, болашақ ұрпақ пен ұлт денсаулығына қосып жатқан үлестеріңіз ұшан теңіз. Пандемия тұсында медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметі
адам өміріне жауапты және ең мейірімді мамандық екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді.
Құрметті әріптестер , сіздерге сабырлық , төзімділік ,мықты денсаулық , қажымас қайрат және шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін. Жер жаһанды әбігерге салып, адамзаттың тіршілігін дүрбелеңге салған дертті аман-есен жеңіп, баршамызға емін-еркін кездесуді жаратқан нәсіп етсін. Дертке шипа, жанға дауа іздеген жандардың шипагері –дәрігерлер , бүгін сіздер барлық жылы лебізге және еңбектеріңіз зор марапаттарға лайықты! Мереке құтты болсын!
Сапар Рахменшеев Алматы қалалық психикалық
сауықтыру орталығының директоры .