ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

Бүгін наурыздың 1 жұлдызында Қазақстан халқы ел тарихында тұңғыш мәрте «Алғыс айту» күнін атап өтті. 2015 жылы сәуір айында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының съезінде жыл сайын 1-наурызды « Алғыс айту» күні ретінде атап өтуді Президент ұсынған еді. Елбасы сол жиында ; -Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн - 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір -біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір- біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді,-деп ұсынған.

2016 жылдың 1 наурыз күні сағат 9.00 - ден 14.00- ге дейін Алматы қалалық наркологиялық медико – әлеуметтік сауықтыру орталығында «Қайырымдылық күніне» орай ашық есік күні өтеді.

     Келіңіздер, ақысыз және анонимді түрде келесі қызметтер ұсынылады:

  1. Дәрігер-терапевтің кеңесі.
  2. Дәрігер-наркологтың кеңесі.
  3. Психотерапевттің кеңесі
  4. Психологтың кеңесі.
  5. .КЭК
  6. Зертханалық зерттеулер (ЖҚТ, ЖНТ)

20-ақпанда Қалалық наркологиялық медициналық -әлеуметтік сауықтыру орталығында Ашық есік күні өтті. Бұл шара Алматы қаласының құрылғанына мыңжыл толуына орай өтетін мерейтой құрметіне арналды.

         Биыл алып шаһар 1000 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл тарихи оқиға ЮНЕСКО шешімімен «Әлемдік мерейтойлар күнтізбесіне» енді.          

 

2016 жылдың 12-ақпан айында Бостандық ауданының наркологы Хартиади Е. А. Қазақ -Америка университетінің қарамағындағы Алматы байланыс колледжінде ; «Спайс дегеніміз не? Спайс індеті» атты тақырыпта лекция оқыды. Жиын барысында нарколог дәрігер шегетін қоспаларды тұтыну салдарынан туындайтын зардаптар жайлы жан-жақты шынайы ақпаратты жеткізді.

 

 

                       Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

Қалалық наркологиялық медико – әлеуметтік сауықтыру орталығында «Алматы қаласының мыңжылдық меретойына» орай өтетін айлық шара аясында 2016 жылдың 20- ақпанында сағат 9.00 - ден 14.00- ге дейін ашық есік күні өтеді. Келіңіздер, анонимді және ақысыз қызметтер ұсынылады:

  1. Дәрігер-терапевтің кеңесі.
  2. Дәрігер-наркологтың кеңесі.
  3. Психотерапевттің кеңесі
  4. Психологтың кеңесі.