ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Ұлт көшбасшысы Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы талқыланды.

3 февраля 2017 года Управлением здравоохранения города Алматы, в рамках Всемирной Зимней Универсиады-2017, проведена Ярмарка вакансий для соискателей работы.

 

Алматыда алмастыру терапиясын арналған кабинет ашылды. Бұл жаңалықты есірткісіз өмір сүре алмайтындардың бұл жаңалықты асыға күткені белгілі. Салтанатты шара барысында ҚНМӘС орталығының бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова кабинеттің ашылу рәсіміне қатысқан Ғаламдық қор өкілдерінің демеулігіне алғыс білдірді.  

     ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес ғаламдық қорының грант бөліп, қолдауының нәтижесінде 2008 жылдан бері Қазақстанда метадон бағдарламасы енгізілді. Қор мамандарының айтуынша алмастыру терапиясын қолдану нәтижесінде кейбір қалаларда ВИЧ инфекциясының парентералдық жолмен таралуы біршама тұрақталғанын айтты. Ал кабинет қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.      

     -Метадон бағдарламасы емделушіні есірткі құрығынан құтқару ғана емес, сонымен бірге ВИЧ инфекциясының таралуын тежейтін мүмкіндіктің бірі. Соңғы мәліметтерде қауіпті кеселді жұқтырғандар санының Қазақстанда да, дүние жүзінде азайғаны соның айғағы. Себебі, емделушілер есірткіні ине арқылы арқылы егуден бас тартып, алмастыру терапиясын тұтынады. Дегенмен метадон жобасына қатысушылар наркологиялық есепте тұрғандар арасынан қатал талап-ережелер бойынша іріктеуден өтетінін айта кету керек. Олар күн сайын есірткі тұтынбағанын анықтайтын тест тапсырады, егер оның өзге есірткі заттарын тұтынғаны анықталса, онда бағдарламадан шеттетіледі. Ал емдеу талаптарын бұзбаған науқастардың өмірін өзгертуге, ата-анасымен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндігі мол, отбасына және қызметіне оралады,- деп атап айтты ҚНМӘСО бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова.      

           Қалалық наркологиялық орталықта Арнайы кеңестік комиссия құрылған. Олар жобаға қатысушыларды іріктеуден өткізеді. Жобаға есірткіге тәуелділіктен құтылуға дәрмені жетпеген, әлеуметтік сауықтыру, бейімдеу , емдеу шаралары көмектеспеген тұрғындар қатысуға құқылы. Емделушінің келісімі және жасы 18 және одан жоғары болуы керектігі ескеріледі. Бұған қоса олар күн сайын кабинетке келіп, тұрақты түрде талдау тексерулерден өтуге міндетті. Әр емделушіге методан мөлшері жеке тағайындалады. Олармен психологтар, психотерапевтер, әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді.

  

 

                                                               

Алматы ҚНМӘСО баспасөз қызметі.

 

Астана мен Алматыда метадон бағдарламасы келер жылдан бастап енгізілетін болды. Нашақорларды емдеу әдісі елде 2008 жылы қолданыла бастады. Метадон бағдарламасына қатысқан нашақорларды қоғамға бейімдеуге болатын көрінеді. "Аман-саулық" қоғамдық ұйымы ұсынған сандар бағдарламаның пайдасы барын көрсетеді. Ал Астана мен Алматы метадон терапиясынан неге қалыс қалды? Айгүл Ермахан баяндайды. Алматылық 38 жастағы Евгенийдің оңалту орталығында ем қабылдап жатқанына 3 күн болды.

 

 

Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығы 2016 жылғы 2 желтоқсанда сағат 9.00.-ден 14.00-ге дейін ЖИТС-пен күресу Дүниежүзілік кампаниясы аясында «Ашық есіктер күнін» өткізеді.

Келем деушілерді тегін және анонимді түрде тексерілу мен дәрігердің кеңесін алуға шақырамыз.

  1. Терапевт дәрігердің кеңесі.
  2. Нарколог дәрігердің кеңесі.
  3. Психотерапевттің кеңесі.
  4. Психологтың кеңесі.