- Подробности
- Просмотров: 493
Бүгін таңертең «Қоғамдық бақылау» тобының белсенділері , Жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері , «Нұротан» партиясының мүшелері, республикалық ақпаратттық порталдың тілшілер Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының есігін қақты.
Орталық директоры Сапар Рахменшеевпен бірге белсенді топ дәрі-дәрмек қоймасын аралады. Коронавирус және пневмониядан емделуші науқастардың ішетін тағам, суынсапасын тексеру мақсатында асхана барып, қарбаласқан жұмыс процесін көрді.
- Орталықта дәрі-дәрмек жеткілікті. Қажетті медициналық аппараттармен жабдықталған. Науқастардың денсаулығы медицина қызметкерлерінің жіті қадағалауында. Соңғы күндері дертінен айыққан бірнеше пациент отбасына оралды ,.-дейді орталықтың басшысы.
Сапар Рахменшеевтің пікірінше COVID-19 індетінің таралуы тежелді. Науқастардың саны да кеміген. Наркологиялық қызметтегі 120 науқас, ал психиатриялық қызметтегі орталықта 130 адам емделіп жатыр.
Наурыз айынан бері 1500 –ге жуық науқас дертінен айығып, отбасына оралыпты..
- Подробности
- Просмотров: 487
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының дәрігерлері, мейірбикелері бір минут үнсіздік жариялап, жұқпалы індеттен қаза болған азаматтарды және әріптестерін еске алды. Орталық қызметкерлері еске алу рәсімінде аурудан қорғайтын арнайы киімдерін шешкен жоқ. Олар сақтық ережесін бұлжытпай орындап, бір-бірінен 1-2 метр қашықтықты сақтады. Түнде ғимараттың туы төмен түсірілді.
Елімізде 13 шілде пандемия кезінде КОВИД дертінен қайтыс болғандарды еске алуға бағышталған Жалпыұлттық аза тұту күні өтті.
Түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, телеарналарда, радиоларда ойын-сауықтық бағдарламалар тоқтатылды. Республика жұртшылығы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жариялады.
Ресми деректерге сүйексек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 59 889 адамға жеткен. Олардың 34 мыңнан астамы бұл кеселден айыққан. Алайда қауіпті індеттен 375 науқас қайтыс болды.
- Подробности
- Просмотров: 615
Бүгін – елімізде COVID-19 індетінен қаза тапқандарды Ұлттық аза тұту күні. Қара жамылып, жақынынан айырылған отандастарымыздың орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирустан қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.
- Подробности
- Просмотров: 839
Өкінішке орай, пандемия өршіп барады. Төрт ай қатарынан қалалық барша медициналық қызметкерлер індетті жоюды көздеп, пандемиямен күресіп келеді. Қолданылған барлық тиісті шараларға қарамастан, қосымша күштердің бірігуін, стационар жағдайын қосымша ұйымдастыруын, АМСК қызметінің күшейуін бүгінгі жағдай қажетті деңгейде талап етіп отыр. Бүгінде медициналық қызметкерлердің санын артыру, кадрлық құрамды көбейту сұрақтары - бірінші орында. Қазіргі уақытта дәрігерлерге, провизорлы және жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет жасайтын орта және кіші медициналық қызметкерлерге, зертхана мамандары мен еріктілерге зәру болып отырмыз. Барша ақ халатты абзал жандарды пандемияны жеңіп шығуда ат салысуға, індетке қарсы тұруға шақырамыз.
- Подробности
- Просмотров: 838
Сіздерді маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтетін кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Бүкіл әлемді дүрліктірген індеттен адамды ажал аузынан арашалап, әр науқастың денсаулығын сақтау үшін төккен тер , тынымсыз еңбек , кәсіпке адалдықтың озық үлгісін көрсеткен еңбектеріңізді ерлікке теңеймін. Баға жетпес байлық – денсаулық десек, болашақ ұрпақ пен ұлт денсаулығына қосып жатқан үлестеріңіз ұшан теңіз. Пандемия тұсында медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметі
адам өміріне жауапты және ең мейірімді мамандық екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді.
Құрметті әріптестер , сіздерге сабырлық , төзімділік ,мықты денсаулық , қажымас қайрат және шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін. Жер жаһанды әбігерге салып, адамзаттың тіршілігін дүрбелеңге салған дертті аман-есен жеңіп, баршамызға емін-еркін кездесуді жаратқан нәсіп етсін. Дертке шипа, жанға дауа іздеген жандардың шипагері –дәрігерлер , бүгін сіздер барлық жылы лебізге және еңбектеріңіз зор марапаттарға лайықты! Мереке құтты болсын!
Сапар Рахменшеев Алматы қалалық психикалық
сауықтыру орталығының директоры .