- Подробности
- Просмотров: 1003
Біздің емделушілер және олардың туысқандары медицина қызметкерлеріне ризашылық білдіріп, алғыс тілектер жолдап жатыр.
Қолдауларыңыз үшін көп рақмет! Сіздердің тілектеріңіз біз үшін ең зор марапат!
- Подробности
- Просмотров: 645
Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығында мейірбикелердің еңбегі орасан зор. Олар науқастың қамқоршысы.
Әрі күнделікті олардың денсаулығын, дене қызуын, көңіл-күйін қадағалайтын нәзік жандылардың атқарып жатқан ізгі шараларын көпшілік білмейді.
Журналист Жазира Бегалы психикалық ауытқуы бар емделушілердің мейірбикесі Айман Бытықовамен сұхбат алды..
Жаны нәзік, өз кәсібіне адал маманның әңгімесін тыңдаңыздар.
- Подробности
- Просмотров: 1754
Өткен ғасырда туған жерінен қуғындалып, жер аударылып келген ,қазіргі таңда ұрпақ өрбітіп, өмір сүріп жатқан өзге этнос өкілдері қазақ халқына алғыс айтатын ерекше күн.
Ризашылық білдіруге, бірін-бірін құрметтеуге тәрбиелейтін, бірлік пен достық мерекесі құтты болсын.
Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының ұжымы барлық отандастарымызды мейірімділік, ізгіліктің жаршысы 1 наурыз мерекесімен құттықтайды . Отбасыңызға бірлік , береке және шаттық тілейді. Дана халқымыз " алтын алма, алғыс ал" деп бекер айтпаған. Халықтың алғысы бәрінен қымбат. Жылы сөз жанды жадыратады. Мереке құтты болсын!
Сапар Рахменшеев Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры.
- Подробности
- Просмотров: 903
Бүгін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында Минск қаласының психикалық сауықтыру орталығының бас дәрігері Алексей Александров мырзамен кездесу өтті.
Белоруссияның наркологиялық және психиатриялық қызметі 10 жыл бұрын біріктірілген және мекеменің мәжбүрлеп емдейтін бөлімдері Қылмыстық атқару жүйесінің қарамағында екен.
Алексей Александров мырза ресми сапары барысында екі ел мамандары арасында әріптестікті нығайту , тәжірибе алмасу, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.
Сонымен бірге орталық директоры Сапар Рахменшеев Психикалық сауықтыру орталығындағы науқастарды қоғамға бейімдеу, еңбекке баулу мақсатында үздіксіз жұмыс істейтін баспанахана, тігін цехының жұмысымен таныстырды.. Белоруссиялық қонақ науқастардың еңбек терапиясында жасалған тауарлардың отандық нарықта бәсекеге түсіп, тендер арқылы сайысқа түсетінін естігенде таң қалды.
Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығы мен Минскідегі орталықтың бас дәрігерлері келешекте Қазақстан мен Белоруссия арасында өзара медициналық қызметтің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету және психикалық ауруларды, маскүнемдік пен нашақорлықтан емдеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру мақсатында екіжақты әріптестік ынтымақтастық жөніндегі меморандум қабылдау туралы уағдаласты.
Кездесуде келесі жылы Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының психиатрлары Белоруссияға барып, тәжірибесін шыңдауға келіссөздер жүргізді.
- Подробности
- Просмотров: 974
Алматылық психиатрлар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға шақырады. Бүгін Орталық бақта серуендеген тұрғындар МӘМС жүйесінің артықшылығы жайында біраз мағлұматтардан хабардар болды. Қалалық психикалық сауықтыру орталығының қызметкерлері Медициналық сақтандырудың тиімді тұстарын ел-жұртқа түсіндіріп, ақпараттық бюллетеньдер таратты.
Шаһар жұртшылығын Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға қандай қызмет көрсетіледі, пациенттің қандай медициналық көмекті тегін алатынын қайдан білуге болады және кім қанша жарна төлейтіні туралы ақпараттандыруға психиатрлар, әлеуметтік қызметкерлер және мейірбикелер жұмылдырылды. Бүгін орталық мамандары 127 алматылықпен әңгімелесті.
- Медициналық сақтандыру жүйесі бұл уақыт талабы . Әрбір қатысушының медициналық көмектердің кеңейтілген көлемін пайдалануға құқығы бар. Консультативті-диагностикалық көмек, оның ішінде қымбат лабораториялық қызмет, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің үстінен амбулаториялық дәрілермен қамтамасыз ету, ауруханада емделу және жоспарлы стационарлық көмек, медициналық оңалту сияқты ем-домды алуға мүмкіндік бар, -дейді орталықтың директоры Сапар Рахменшеев.
Сонымен бірге орталықтың наркологиялық қызметі флешмоб ұйымдастырды.
Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының баспасөз қызметі.