- Подробности
- Просмотров: 607
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының дәрігерлері, мейірбикелері бір минут үнсіздік жариялап, жұқпалы індеттен қаза болған азаматтарды және әріптестерін еске алды. Орталық қызметкерлері еске алу рәсімінде аурудан қорғайтын арнайы киімдерін шешкен жоқ. Олар сақтық ережесін бұлжытпай орындап, бір-бірінен 1-2 метр қашықтықты сақтады. Түнде ғимараттың туы төмен түсірілді.
Елімізде 13 шілде пандемия кезінде КОВИД дертінен қайтыс болғандарды еске алуға бағышталған Жалпыұлттық аза тұту күні өтті.
Түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, телеарналарда, радиоларда ойын-сауықтық бағдарламалар тоқтатылды. Республика жұртшылығы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жариялады.
Ресми деректерге сүйексек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 59 889 адамға жеткен. Олардың 34 мыңнан астамы бұл кеселден айыққан. Алайда қауіпті індеттен 375 науқас қайтыс болды.
- Подробности
- Просмотров: 706
Бүгін – елімізде COVID-19 індетінен қаза тапқандарды Ұлттық аза тұту күні. Қара жамылып, жақынынан айырылған отандастарымыздың орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирустан қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.
- Подробности
- Просмотров: 973
Өкінішке орай, пандемия өршіп барады. Төрт ай қатарынан қалалық барша медициналық қызметкерлер індетті жоюды көздеп, пандемиямен күресіп келеді. Қолданылған барлық тиісті шараларға қарамастан, қосымша күштердің бірігуін, стационар жағдайын қосымша ұйымдастыруын, АМСК қызметінің күшейуін бүгінгі жағдай қажетті деңгейде талап етіп отыр. Бүгінде медициналық қызметкерлердің санын артыру, кадрлық құрамды көбейту сұрақтары - бірінші орында. Қазіргі уақытта дәрігерлерге, провизорлы және жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет жасайтын орта және кіші медициналық қызметкерлерге, зертхана мамандары мен еріктілерге зәру болып отырмыз. Барша ақ халатты абзал жандарды пандемияны жеңіп шығуда ат салысуға, індетке қарсы тұруға шақырамыз.
- Подробности
- Просмотров: 971
Сіздерді маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтетін кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Бүкіл әлемді дүрліктірген індеттен адамды ажал аузынан арашалап, әр науқастың денсаулығын сақтау үшін төккен тер , тынымсыз еңбек , кәсіпке адалдықтың озық үлгісін көрсеткен еңбектеріңізді ерлікке теңеймін. Баға жетпес байлық – денсаулық десек, болашақ ұрпақ пен ұлт денсаулығына қосып жатқан үлестеріңіз ұшан теңіз. Пандемия тұсында медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметі
адам өміріне жауапты және ең мейірімді мамандық екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді.
Құрметті әріптестер , сіздерге сабырлық , төзімділік ,мықты денсаулық , қажымас қайрат және шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін. Жер жаһанды әбігерге салып, адамзаттың тіршілігін дүрбелеңге салған дертті аман-есен жеңіп, баршамызға емін-еркін кездесуді жаратқан нәсіп етсін. Дертке шипа, жанға дауа іздеген жандардың шипагері –дәрігерлер , бүгін сіздер барлық жылы лебізге және еңбектеріңіз зор марапаттарға лайықты! Мереке құтты болсын!
Сапар Рахменшеев Алматы қалалық психикалық
сауықтыру орталығының директоры .
- Подробности
- Просмотров: 1199
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНАН МЕДЕУ ІЗДЕГЕНДЕР НЕГЕ КӨБЕЙДІ?
Жер бетіндегі жұрттың денсаулығын діңкелетіп, алпауыт мемлекеттердің қаржы-экономика саласын құлдыратып, әл-ауқатын есеңгіреткен коронавирус үйінде оқшауланған адамдардың психикасына да әсер еткенін әлем психологтары айтып жатыр. Жұмыссыздық, күнделікті үйреншікті тіршіліктің тоқтауы, көзге көрінбейтін тажалдың қауіптілігі жайлы үрей тудырған ақпараттар адамның психологиясын қажытып, жүйкесіне жүк салғаны анық.
Суицид сергелдеңі.
- Таңғы сағат 4-те жедел жәрдем қызметкерлері хабарласып, пациентке шұғыл психологиялық көмек керектігін айтты. Суицид жасаймын деп, ешкімге бой бермей жылап ,бойжеткен қатты шыңғырып жатыр. «Құтқармаңдар, өлемін. Бір апта ұйықтамадым. Бәрінен шаршадым» деп айқайлайды. Жедел –жәрдем қызметкерлеріқызға телефонды берді,- дейді психолог Мейрамгүл Ибашова.
Мейрамгүл Ибашова Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында 20 жылдан бері еңбек етеді. Клиникалық психологияның меңгерген және жілігін шағып, майын ішкен кәсіби маман. 5 жылдан бері сенім телефонына хабарласқан тұрғындарға психологиялық кеңес беріп , әлеуметтік құқығы қорғалмаған, медициналық көмекке мұқтаж абоненттерге бағыт –бағдар беретін тәжірибелі психолог. Талай адамның мұңын, ішіндегі шерін, ешкімге айтпаған сырын күні –түні Мейрамгүл тыңдайды. Суицид жасауға бел буған бірнеше шарасызды райынан қайтарған кәсіби маман. Оның айтуынша карантин кезінде «сенім телефонына » тыным болған жоқ. Ал қоңырау шалған адамдардың саны есі есе көбейген.Суицидке бейім , өз өмірін қию , өлім туралы ойлары бар 13 адам хабарласыпты.
Мейрамгүлдің айтуынша сенім телефонына жұрт еріккенінен хабарласпайды. Тіршіліктен түңіліп, өмірін қию туралы ойлаған, соны жоспарлаған адамды құтқаруға, арашалауға әрқашан мүмкіндік болғанымен олардың жан-айқайын ата-анасы, достары, жанында жүрген адамдар естімейді. Алматылық бойжеткенді суицид жасау туралы ойдан арылту үшін психологтың құтқару операциясы бір кітапқа арқау болатыны даусыз.
- Тығырыққа тірелген, шырғалаң, шырмаудан шаршаған қыздың уәжін үнсіз тыңдадым. Оны құтқаруға мүмкіндік бар екеніне сенімді болдым. Себебі, оның жедел жәрдемді шақырғаны мүмкіндік. Кез-келген кәсіби маманға үміт сыйлайды. Алдымен көмектесемін деп ,оны иландырдым. Екеуміз ұзақ сөйлеспедік. Оны райынан қайтару үшін 20 минут жұмсадым. Ашуы тарқағанымен қыз жылай береді. Тұлай бойын кернеген эмоциясы да басылды. Құрбысына телефонды берді. Олар психикалық сауықтыру орталығының атауын естігеннен кейін шошып кетті ме, мекен-жәйін жалған айтып, байланыс үзілді. Ойлануға уақыт тапшы. 102 номерін тердім. Полицияға екі мекен-жәйді бердім. Жедел іздестіру тобы қыздың қонысын анықтады. Қазіргі уақыттасол бойжеткен біздің орталықтың кәсіби мамандарының көмегіне жүгініп, психологиялық, медициналық көмек алып жүр. Тұрғындарға айтарым, «жынды деп, есепке тіркейді» деген жалған сөзге сенбеңіздер. Қорықпаңыздар. Сіз жайында ақпаратты құпия сақталады. Біздің мақсатымыз әр пациентке көмектесу ғана ,-дейді психолог Мейрамгүл Ибашова.
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында 5 жылдан бері 5 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Клиникалық психологиялық кеселге шалдыққандардың дертін бүге-шігесін бес саусақтай білетін кәсіби мамандар соңғы үш айда мыңдаған тұрғынның мұңын тыңдады. Өмірден түңілген , тұрмыс тауқыметінен шаршағандар, төрт қабырғада қамалып, жалғыздықтан жалыққандар, суицид жасауға бейім адамдарды жылы сөзбен демеп, күйзелістің құрығынан құтылуға қол ұшын созды. Оқшауланған сүр бойдақтардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің және психикалық ауытқуы бар жандардың сырласы, серігіне айналған сенім телефонына 2020 жылдың ақпанда 203, наурызда 292, сәуір айында 304 , мамырда 271 қоңырау түскен.
БОЙДАҚТАРҚЫЗБЕН СӨЙЛЕСУГЕ ЖҮРЕКСІНЕДІ.
- Жалғыз тұратын тұрғындарға үйде оқшауланып өмір сүру оңай болған жоқ. Кейде ішімдік ішіп , кейде жылап-еңіреп, шерін тарқатып жатты. Карантин мұндай адамдардың психологиялық күйіне қатты соққы берді. Олардың тәбеті қашады, уайымы күшейеді.
43 жастағы бойдақ жігіт хабарласты. Баспанасы бар. Үйленбеген. Төтенше жағдайға байланысты жұмысы тоқтаған.Мұндай адамдардың дерті жалғыздық. Біз оларға сөйлеуге мүмкіндік береміз.
Оның басты проблемасы әйелдермен танысуға ұялады екен. Сөзге шорқақтығынан ыңғайсызданып, қыздармен кездесуге бармайды. Бір бойжеткеннің шашын сипап, қолын ұстап көрмедім деп сырын айтты. Интернет арқылы танысқан әйелдерге мүлдем сенбейді. Ол бізден нәзік жандылармен қарым-қатынас орнатуға үйретіңіз, кеңес беріңіз дейді. Күнде қоңырау шалады. Сырласатын досы, демейтін туысы жоқ.Бір айда қоңырау шалған 70 тұрғынның тауқыметі бір –ол жалғыздық. Адамдармен тіл табыса алмайды, жұмысынан айырылу, өзінің әлеуметтік мәртебесіне көңілі толмайтын тұрғындарға да сенім телефоны кеңес берді.
-Мейрамгүл Смағұлқызы , өзін-өзі оқшаулау кезінде хабарласқан абоненттерді не мазалайды?
- Карантин кезінде қобалжу жағынан және депрессивті жағдайдағы адамдардан қоңырау жиіледі. Тұрғындардың сыртқа шығу мүмкіндігі шектелгеннен кейін ұйқының қашуы ,материальдық жағдайға алаңдаушылық , мазасыздық, күдікшілдік , соматикалық аурулардың асқынуы сондай типтегі психологтің консультациясын қажет ететін сұрақтар көп болды. Алкоголдік тәуелді жандар мен олардың жақындары бір айда 25 мәрте қоңырау шалыпты. Отбасылықты жағдайға байланысты ері мен әйелі арасындағы жанжал, ене мен келіннің кикілжіңі ,туыстар арасындағы ұрыс-керіс ,бірін-бірі түсініспеушіліктен туындаған дау-дамайдың түйінін тарқатуға психологиялық көмек сұрағандар көп болды.. Әлеуметтік мәселе ,ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, денсаулығына шипа іздегендер, психикалық ауытқуы бар ,нашақорлық ,маскүнемдіктен құтылудың жолын іздеген абономенттермен және олардың жақындарына ақпараттық көмек көрсету , күйзеліске түскен, суицид жасауға әрекет жасаған немесе ойы бар адамдармен жұмыс істедік.
« 21 қабаттан секіремін ,мені мына дүниеде ешнәрсе ұстап тұрған жоқ» деп 23 жастағы келіншек хабарласты. 3 баласы бар .Секіріп кетуге шақ тұр. Оның мүмкіндігі бар .Суицидке негізі адамдар саналы түрде барады. Бұл әйелдің ойы, жоспары болды. 21 қабаттан секіріп өлуге бел буған. Үш жарым сағат сөйлестік. Кенжесі бір жарым жаста екен. Байқағаным , баласын туғаннан кейін келіншекте күйзеліс пайда болған. Содан емделмеген. Күйеуі бар. Жұмыс істейді. Отбасының тұрмысы жақсы. Тек әйелдің күйзелісі меңдеген. Күйеуінің жарын ,балаларын жақсы көретіні көрініп тұр. Кәсіби мамандардың көмегінсіз ол проблеманың шешілмейтінін түсіндірдім. Біздің орталықта он күн емделді. Менің мақсатым көмекке мұқтаж адамдардың кәсіби мамандарға келгенше үгіттеу. Әрбір телефон соққан адамның мұңын тыңдап, әңгімелесу. Дәрігерлерге бағыттау.
-Сенім телефонына кез-келген адам хабарласпайды. Сіздің абоненттер үшін не маңызды?
- Тәжірибемде байқағаным, олардың бірінші сұрағы бір. Менің әңгімем жазылып жатқан жоқ па деп сұрайды.Сенім телефонының көмегіне жүгінетін тұрғындарға еш уайымдаудың қажеті жоқ. Айтылған әңгіме құпия сақталады. Телефон номерін анықтайтын аппаратты қолданбаймыз. Сенім телефонына шағымданған жандар үшін ең маңызды біреудің оны тыңдағанын қалайды. Кейде біз солардың көңіл-күйіне байланысты дауыс ырғағымызды өзгертіп, сұрақ қоямыз немесе ойымызды бөлісеміз. Тәулік бойы хабарласып, клиникалық психологтардан кеңес алуға болады. Ақысыз қызмет көрсетеміз. Қазақ және орыс тілінде сөйлейміз. Дағдарыс кезінде көмек керек болса, бізге хабарласыңыздар. Телефондарымыз ; 8 727 3765660, +77089832863, 1303.
- Сіздің дауысыңызға ғашық болғандар бар ма?
-Дауысыма ғашық болғандар жоқ. Дегенмен мен өз кәсібімді жақсы көремін, мақтанамын. Қаншама тығырыққа тіреліп, сенім телефонынан араша сұрап, соңғы үміттерін ақтап, сол адамдардың өмірін жақсартуға титтей үлесімді қосып, бағыт-бағдар бергеніме қуанамын. Жаныңызда жүрген адамдарды тыңдауға тырысайық. Әрқашан жылы сөзге сараң болмаңыздар. Ал біз әрқашан көмектесуге дайынбыз.
- Мейрамгүл Смағұлқызы , сұхбатыңызға рақмет.
Жазира Бегалы журналист Алматы.
http://www.matritca.kz/news/74960-senm-telefonynan-medeu-zdegender-nege-kbeyd.html