- Подробности
- Просмотров: 318
1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне, Алматы қаласында орналасқан Психикалық сауықтыру орталығында, балаларға арналған концерттік мерекелік шара өткізді.
Концерттік бағдарламада Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің оқушылары домбырамен күй ойнап, дәстүрлі әндер орындады.
Сондай-ақ, балаларда мерекелік шарада өздерінің өнерлерін көрсетіп ән айтып, би билеп, жұмбақтар жасырып, салған сүйреттерін көрсетіп ат салысты.
Осылайша, мерекелік шара аяқталысымен, балаларға дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды.
- Подробности
- Просмотров: 502
Бүгін 17 мамыр күні, 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай, «АМАНАТ» партиясы Бостандық аудандық филиалының «Комплекс» бастауыш партия ұйымы салауатты өмір салтын қолдау мақсатында, Психикалық сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен футболдан жарыс өткізді. Аудан жарысының қатысушылары болып Психикалық сауықтыру орталығы, Педриатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және №4, №7, №12 қалалық емханалар қатысты.
Турнирде Алматы қаласы Бостандық ауданы «Аманат» партия филиалының хатшысы Джамбулов Баймұрат Мұратханұлы мен Рахменшеев Сапар Құттыбайұлы қатысушы командаларға сәттілік тілеп турнирді ашты.
Қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастырудың басым бағыттарының бірі – азаматтарды белсенді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері спорттық шараларға белсенді қатысушылар болып табылады. Спорттық мерекелік шаралар командалардың бұрынғыдан да біртұтас және күшті болуына ықпалын тигізеді. Футболшылар үлкен құштарлықпен ойнап барлығы белсенділік көрсетті. Бұл ойында командалардың барлық ойыншылары ерекшеленіп ешқайсысы берілгісі келмеді. Финалда біздің Орталық ойыншыларына тең келер ешкім болмады. «ПСО» мен №4 ҚЕ мықты команда болып 0:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында қарсыластарымыз соққан голдар саны бойынша басымдық танытып, №4 ҚЕ алға шықты. Орталық екінші орынға иеленіп. №12 ҚЕ команда жеңімпаз болып үшінші сатысына ие болды. Белсенді қатысушы болып № 7ҚЕ мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы аталды.
Марапаттау рәсімінде барлық командаларға мақтау қағаздары, кубоктар және сыйлықтар берілді.
- Подробности
- Просмотров: 364
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы мен Алматы қаласы Бостандық ауданы «Аманат» партия филиалының хатшысы Джамбулов Баймұрат Мұратханұлы қатысуымен, Психикалық сауықтыру орталығының директоры Рахменшеев Сапар Құттыбайұлы Орталық ұжым қатысуымен Референдумды қолдауы жиын өткізілді. Кездесу барысында көптің көкейіндегі саяси науқан – референдумның өзектілігі сөз болды. Өзгерістердің жаңа бастамасы – референдум. Әр қазақстандық азамат міндеті осы алдымыздағы үлкен іс шараға үлес қосу керек. Бостандық ауданы «Аманат» партия филиалының хатшысы Джамбулов Б. Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлына мәлімдемесінде былай деді - біздің аудан бойынша Психикалық сауықтыру орталығында «Комплескс» Бастауыш партия ұжымы ең ұздік көрсеткіштерге ие, бір қатар Республикалық, қалалық және аудандық байқауларда жоғары жетістіктерге жетті. Комплекс ең мақтан тұтатын, көрсеткіш ретінде ұсынатын бастауыш партия ұжымы. Кездесу жайлы атмосферада, қысқы бақта және көңілді өтті.
- Подробности
- Просмотров: 453
Президент Қ.Тоқаев бүгін «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІI съезіне қатысты.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын дайындау, негізгі заңға өзгерістер еңгізу арқылы тиімді жүзеге асыру керектігіне тоқталып өтті.
Жаңа Қазақстан кұру жолдарында елге жанашыр қоғамдық саяси күштердің жұмылуы және партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамыту қажет екенін айтты.
Саяси жүйеде әділдіктің орнауы, партия атқарушы билікке тәуелді болмауы, халықтың сенімін артырады.
Партия қатарынан шығып, төраға лауазымын Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынды.
- Подробности
- Просмотров: 505
Бүгін 30 наурызда Алматы қаласы «Психикалық сауықтыру орталығы» Директоры Рахменшеев Сапар Құттыбайұлы орталық ұжымымен 16 наурыз күні жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтің Қазақстан халқына арналған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауға жиналыс өткізілді.
Ұсынылып отырған реформалар біздің қоғамдағы алуан түрлі көзқарастардың жиынтық көрінісі деп қарауға болады.
Енді елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірісуіміз керек. Осы жолда жұртымызға ең алдымен ауызбіршілік қажет. Ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет. Жаңа қазақстан дегеніміз егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Бұл болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз.
«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты!