- Подробности
- Просмотров: 1857
Әлемдегі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Сол себептен басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ем іздеп, бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. Осындай ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандарды келіп жеткен мерекелерімен құттықтаймын. Мен Қазақ Радиосының әр дүйсенбі сағат 10:15 -те тікелей эфирге шығатын « Бірінші байлық » бағдарламысының тұрақты тыңдаушысымын, осы бағдарламаға қонақ болып келетін дәрігер мамандар өз білімдерін халықпен бөлісіп, барша халықты денсаулық күтіміне көңіл бөлуге шақырады. Ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген абзал жандарды атымен атап, құттықтап, алғыс білдіргім келеді ! Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальінің директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Дамир Дәулетбаев , Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, травмотолог ортопед Мейрамбек Жұмағұлов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев,
кардиохирург дәрігер, м.ғ.к., Алматы қалалық Кардиология орталығының директоры Алмат Тұрысбекұлы, Жекенова атындағы Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Құстайқызы, Алматы қалалық Адам ұрпағын өрбіту орталығының акушер-гинекологы Әміралиева Гүлмира Ыдырысқызы, Алматы қалалық №1 клиникалық ауруханасының неврология бөлімінің меңгерушісі Сабыржан Амангелдіұлы мен терапия бөлімінің меңгерушісі Нәзипа Бегалықызы, Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Құттыбайұлы, «Экомед» Адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы Салтанат Берденқызы, Бинеш Жарбосынов атындағы Қазақ урология ғылыми-зерттеу институтының балалар урологиясы бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты балалар уролог дәрігері, м.ғ.к. Қайрат Қабдолдин, м.ғ.к., Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің онкология кафедрасының доценті, жоғары санатты онкогинеколог дәрігер Толқын Садықова, Ұлттық оқу клиникалық орталығының директоры Кенжебек Өмірғали мен директордың орынбасары Айгүл Досмаилова, Алматы қалалық №29 емхананың бас дәрігері Ақмира Махамбетқалиқызы, Бинеш Жарбосынов атындағы Қазақ урология ғылыми-зерттеу институтының уролог дәрігері Аманжол Жалауұлы, ШЖҚ "Алау" оңалту орталығының бас дәрігері Айнұр Молдахынованы шың жүректен құттықтаймыз !
https://www.facebook.com/photo.php?fbid=678604769234808&set=a.180700089025281&type=3&theater&ifg=1
- Подробности
- Просмотров: 771
2019жылы 21 мамырда 28 Панфиловшылар саябағында ШЖҚ МКК «ПСО» наркологиялық қызметінің қызметкерлерімен «МӘМС (Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру) жөнінде не білу керек» девизімен акция өткізілді. Акция барысында медицина қызметкерлері халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуды, МӘМС көрсететін қызметтерді, жұмыс істеп жүргендергежәне басқаларға ЖК (Жеке Кәсіпкерлік) еңбек ақыны төлеу туралы түсіндірді. Мынадай сұрақтарға жауаптар берілді: Егер мен жеке кәсіпкер болсам қашан және қалай сақтандыру жарнасын төлеймін? Кім үшін төлеймін? Қанша төлейміз? Жарнаны қалай аударуға болады? Мемлекет медициналық қорға жарнаны кім үшін төлейді? Емханаға қалай тіркелуге болады және т.б. 123 адам қамтылды.
- Подробности
- Просмотров: 1236
Бүгін Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медицина қызметкерлеріне беретін пайдасы ,халыққа сапалы қызмет көрсету және оның қолжетімділігін арттыруға байланысты мамандар ой бөлісті. Орталықта мыңнан астам маман жұмыс істейді.
Басқосуда орталық директоры Сапар Рахменшеев МӘМС қорының негізгі қағидаларына тоқталып ,медицина қызметкерлеріне жұртшылыққа көрсетіліп жатқан медициналық қызмет сапасының жоғары деңгейде екенін және әрі тұрғындарға сақтандыру қоры туралы белсенді түрде ақпараттандыру қажеттігін алға тартты.
-Елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емхана ,аурухана ,медициналық орталықтардың ең үздік клиникалар тізіміне қосылуына және медицина қызметкерлерінің жалақысының тұрақты түрде өсуіне мүмкіндік береді. Бұған қоса МӘМС аясында емделуші дәрігерді таңдау мүмкіндігі бар екенін білуі керек ,-деп директор сөзін түйіндеді.
Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығында биыл ментальды мектеп жұмысын бастады. Әр сәрсенбі сайын медицина қызметкерлері, заңгерлер және әлеуметтік қызметкерлер пациенттердің туысқандырымен кездеседі. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету , құқықтық кеңестер береді. Сонымен бірге мектепке келушілер міндетті медициналық сақтандыру қорына қатысты мағлұматтар да алады.
- Подробности
- Просмотров: 744
Кім үшін төлеймін? Қанша төлейміз? МӘМС. 2019жылы 22 сәуірде Орталық мәдениет және демалыс саябағында ШЖҚ МКК «ПСО» наркологиялық қызметінің қызметкерлерімен «МӘМС (Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру) жөнінде не білу керек» девизімен акция өткізілді. Акция барысында медицина қызметкерлері халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуды, МӘМС көрсететін қызметтерді, жұмыс істеп жүргендергежәне басқаларға ЖК (Жеке Кәсіпкерлік) еңбек ақыны төлеу туралы түсіндірді. Мынадай сұрақтарға жауаптар берілді: Егер мен жеке кәсіпкер болсам қашан және қалай сақтандыру жарнасын төлеймін? Кім үшін төлеймін? Қанша төлейміз? Жарнаны қалай аударуға болады? Мемлекет медициналық қорға жарнаны кім үшін төлейді? Емханаға қалай тіркелуге болады және т.б. 96 адам қамтылды.
- Подробности
- Просмотров: 1486
- Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) «Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы» Заңның 10- бабының 2- тармағына сәйкес әзірленді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу белгілі бір тұрмыс тіршіліктің саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жүйелі ұсынымдарды белгілеу мақсаты болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу міндеттері болып табылады мыналар табылады:
- қоғамдық қатынастар жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртібін қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мақсаттары:
- заңдылық;
- транспаренттілік;
- әдептілік;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
- мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мазмұны
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қатынастардың жеке салалары үшін әзірленеді.
Оларға:
- денсаулық сақтау;
- білім беру;
- әлеуметтік қорғау;
- мәдениет және спорт;
- жер қатынастары;
- құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздік;
- тұрғын – үй коммуналдық шаруашылықты басқару;
- сот төрелігін орындау;
- прокуратуралық қызметі;
- салықтық әкімшілендіру;
- жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;
- ауыл шаруашылығы;
- табиғатты пайдалану және экология;
- санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- өнеркәсіп, құрылыс, көлік;
- энергетика;
- қаржылық, соның ішінде банк қызметі;
- қоғамдық қатынастардың басқа да салалары жатқызылуы мүмкін.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар белгіленген ережені мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекетін және шешімдерін осы Әдістемелік ұсынымдардың қосымшасына сәйкес анықтайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар негізінде лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау көз қарасы:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
- өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау;
- нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау;
- тіршілік әрекеті саласы тиісті спецификасына байланысты өзге қоғамдық маңызды қатынастар кезінде қалануы тиіс.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу рәсімі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жұртшылық қатысуымен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен әзірленеді және заңнаманы әзірлеу мен құқықтық қолдану тәжірибесінде есепке алынады.
- Жұртшылықтың қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жобасын әзірлеушінің интернет-ресурсында орналастыру және оған ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау, қоғамдық тыңдаулар өткізу, әзірленіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар жобасын талқылау үшін «дөңгелек» үстел форматы отырыс өткізу жолдарымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мемлекеттік органның, ұйымның, қоғамдық қатынастардың жеке саласына жетекшілік ететін квазимемлекеттік сектор субъекті басшысының шешімімен бекітіледі.
- Бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеушінің интернет – ресурсында және өзге бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын орындау
- Мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдарға орындау үшін міндетті.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауаптылық мемлекеттік органның, ұйымның, қоғамдық қатынастардың жеке саласына жетекшілік ететін квазимемлекеттік сектор субъекті басшысының шешімімен белгіленеді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуына бақылау мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына жүктеледі.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуы (сақталмауы) туралы ақпарат орган, ұйым қызметкерлерінің жұмысын аттестациялау және бағалау кезінде қолданылады.