- Подробности
- Просмотров: 1013
6.04.2018ж,дәрігер нарколог Жүзбаева А.А. жалпы білім беретін 180 мектептің ата-аналар жиналысына қатысып "ПБЗ қолданудың алғашқы белгілері, қолдану себептері" тақырыбына дәріс оқыды.Ата-аналарға есірткі қолдануды зәр арқылы анықтау жөніндегі мәлімет баяндалды.Сонымен қатар есірткі жәнеПБЗ қолдануды ерте анықтау мақсатында 14-18жас аралығындағы жас өспірімдерге тест жасауға ұсыныс жасалды.Жиналысқа
270 ата-ана қатысты.
- Подробности
- Просмотров: 918
06.04.18ж. Дәрігер нарколог Кенесбекова С.К. №164 орта мектептің ата-аналар жиналысында " Нашақорлық, маскүнемдік, шылымқорлықтың алдын алу. Психикалық белсенді заттарды қолданудың алғашқы белгілері" тақырыбында дәріс өткізді. Бейнефильмдер көрсетілді, пікір-талас жүргізілді. Кездесудің мақсаты ПБЗ колдануға апаратын себебтері мен алдын алудағы ата-ананың жауапкершілігін арттыру. Ата - аналарға ПБЗ қолданудың алғашқы белгілерін түсіндіру. Жасөспірімдерді СӨС сақтауға баулу, ПБЗ қолданудың денсаулыққа әсерін, салдарын түсіндіру. Кездесуге 125 адам қатысты.
- Подробности
- Просмотров: 1492
29.03.18ж . Дәрігер нарколог Кенесбекова С.К. Алматы Мемлекеттік Бизнес колледжінде «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» «Психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу" тақырыбында тәлімгерлік сабақ өткізді, бейнефильмдер көрсетілді, пікір-талас жүргізілді. Кездесудің мақсаты жастарты СӨС сақтауға баулу, ПБЗ қолданудың денсаулыққа әсерін, салдарын түсіндіру. Нашақорлыққа апаратын себебтерді айқындау және де алдын алу. Кездесуге 150 студент қатысты.
- Подробности
- Просмотров: 887
27.03.18ж . Дәрігер нарколог Кенесбекова С.К Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз. Психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді, бейнефильмдер көрсетілді, пікір-талас жүргізілді. Кездесудің мақсаты жастарты СӨС сақтауға баулу, ПБЗ қолданудың денсаулыққа әсерін, салдарын түсіндіру. Нашақорлыққа апаратын себебтерді айқындау және де алдын алу. Кездесуге 50 студент қатысты.
- Подробности
- Просмотров: 807
Алматы қалалық наркологиялық орталықта күн мен түн теңелген күні жұртшылық келіннің беташарын көруге жиналды. 21- наурызда Орталық ауласында Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара той-думанмен басталды. Киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Емделушілер, қонақтар наурыз көжеден дәм татып, өнерпаздардың ән-биін тамашалады. Орталық қызметкерлері ұлтымыздың дәстүрін паш ететін «Беташар», «Тұсау кесер» салтын сахналандырды.
Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев мерекеге келген қауымды ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, орталық қызметкерлерінің ісіне табыс тіледі. Алматы қалалық наркологиялық орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова наурыз мерекесі- тіршіліктің бастауы, табиғат түлеп, жер бетіне күн шуағын шашқан , ынтымақ, татулық, ізгіліктің мейрамы екенін атап өтті.
Наурыз шығыс халықтарының ортақ мейрамы. Орталықта еңбек ететін қызметкерлер , емделушілер өз ұлтының ән-биін орындап, шашу шашты.
Наурыз Шығыс халықтарының бүкілхалықтық мейрамы. Сан мыңдаған жыл бұрын жыл басы мерекесі ретінде тойланып, бұл күні адамдар бір-біріне жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттерді парыз ретінде үрдіске айналдырған ерекше күн. Алматы қалалық Наркологиялық орталықта наурыз мерекесі ерекше аталып өтті.