ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

9565.jpg

 

Есірткі заттарына құмарлықтан қалай құтылуға болады? Тәуелділіктен шығар жол бар ма? Жақынын дерт шырмауынан арашалау үшін  дауа іздеген  ата-ананы да мазалайтыны осы сұрақ. Бұрын героин, марихуана деген есірткі түрлерін естіген болсақ, қазіргі кезде спайс, темекі қоспалары, кристалл, JWH секілді аса қауіпті синтетикалық есірткі заттар пайда болды. Есірткіге тәуелді тұрғындар емделетін Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығының бас дәрігері Гүлсара Сүлейменовадан  алып шаһардағы наркологиялық ахуал жайын сұраған едік.

 

img_0608

 

Алматы қаласындағы наркологиялық  медици­налық-әлеуметтік түзету орталығының   маскүнем­діктен мәжбүрлі түрде емделушілер бөліміндегі   емделу­шілер  өздеріне тосын сый жасады.   Тосын сый болғанда қандай дейсіз ғой, олар өз қолдарымен жасалған спорттық құрал жабдықтардан құралған жаттығу залын ашты. 

        IMG_0620204.JPG Алматыда бұрын-соңды болмаған жаңалық. Бүгін Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығында жаттығу залы жұмысын бастады.

20171124105956659_big.jpgӨмірдегі ең қорқынышты да, аянышты жағдай — шарасыздық пен мәжбүрлік. Өміріңнің көз алдыңда зуылдап өтіп бара жатқанын көгілдір экран сыртындағы көрермен секілді сырттай бақылап қана қойып, оны өзгертуге, жақсартуға қауқарсыз болу — міне нағыз тозақ. Қазіргі кезде қоғамда өршіп тұрған проблемалардың бірі — нашақорлық. Осы дерттің белең алуына байланысты Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі 30 жыл бойы есірткі қабылдаған науқаспен сұхбаттасты. Бейсенбі. Наркологиялық емдеу орталығында жарты жылдай қонақтаған оның тұрақты емделушісі Еріктің (есімі өзгертілді) бүгін көңіл-күйі көтеріңкі. Бұл кездесуде реңі қарауытқан, жүзі солыңқы, өмірге өкпелі, өкініші мен мұңы көп адамды көремін деп келгенмін. Нашақор адамның маскүнем адамнан ешқандай айырмасы жоқ екен.

IMG_1542.JPG

                  

 

Жүргізуші куәлігін алуға қажетті анықтаманы алу үшін уақыт үнемдегіңіз келсе, сапалы қызмет көрсететін медициналық мекеме іздесеңіз, онда Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығына келіңіз. Бір кабинетте бірнеше дәрігер маман сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ,ал сенбі күні 16:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Біздің мекен-жайымыз : Алматы қаласындағы Мақатаев көшесі 10- үйдегі 225, 226 кабинеттерге келіңіз. 382-34-96 нөміріне хабарласып қосымша ақпарат ауыңызға болады.   

            Комиссиядан өту үшін келесі мамандардың тексеруінен өту керек:

-Невролог

-Окулист

-Хирург

-Терапевт

-Отоларинголог

-Нарколог

      

          Қандай құжаттар алып келу керек ?

Жеке куәлік

 3х4 сурет

 Көзілдірік (егер көру қабілетіңіз нашар болса)

         Комиссиядан өту ақысы :

-Жүргізушілік комиссия -2825 т.

-Нарколог- 3103 т.

IMG_1546.JPGIMG_1557.JPGIMG_1560.JPGIMG_1551.JPG

 

IMG_1562.JPG

 20170919.jpg