ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

IMG-20171025-WA000.jpgФранцияның  медициналық сақтандыру жүйесі  жекеменшік, үкіметтік және қосымша сақтандыру жүйесі деп үшке бөлінеді . Ал балаларды медициналық сақтандыру ата-анаға міндеттелген. Егер тұрғынның  қордағы қаражаты емделуге  жетпесе де, онда емдеу мекемелері оған қызмет көрсетуден бас тартпайды екен. Бірақ оған  сырқатынан айыққаннан кейін шығынды  өтеу парыз.  Әйтпесе ,емделушіге сол қарызды төлеместен  шетелге шығуға рұқсат берілмейді.

  IMG-20170929-WA0025.jpg    Бүгін Алматы қалалық наркологиялық    медико-әлеуметтік түзету орталығының  емделушілері ерекше сыйлықтар алды. Орталықта маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлі түрде 6 айдан екі жылға дейін емделушілер үшін  кітап ерекше сый және жанның  азығы .

 

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп 2017 жылғы 23 қыркүйек, сағат 10:00-де Достық даңғылы мекенжайы бойынша Абай атындағы алаңда «Денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен  «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІН» өткізеді.

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ «Жүру-зиян емес, жүрмеу-зиянды» атты ұранмен «ЖҮРУ МАРАФОНЫНАН» басталады, мекенжайы: 28 Панфиловшылар атындағы алаң, 10 сағат 00 минутта. Жиналуы сағат 9:00-де, сөре  сағат 10:00-де Қазыбек би көшесі Достық көшесімен қиылысы жағынан 28 Панфиловшылар атындағы саябақтан басталады және Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда аяқталады. Марафон соңында арнайы мамандардың консультацияларын алуға болатын «Денсаулық қалашығы» және спорттық ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. 

Белсенді қатысушыларға СЫЙЛЫҚТАР беріледі!

СІЗДЕРДІ ЖАҚСЫ КӨҢІЛ-КҮЙМЕН КҮТЕМІЗ, ЖАҒЫМДЫ ЭМОЦИЯЛАР АЛЫП, ДЕНСАУЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСАДЫ ДЕГЕН СЕНІМДЕМІЗ!!!

 

    IMG_1385.JPGБүгін 13- қыркүйекте Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығында «Әкем, анам және мен - спорт сүйетін отбасы» атты іс-шара өтті. Орталықтың әр бөлімінен бір  қызметкер  отбасымен байқауға  қатысты. Сайыста 7 отбасының ептілігі, икемділігі және шапшаңдығы сынға түсті. Қатысушылардың ең кішкентайы 5 жаста.

 Алматыда күн сайын  500-700 тұрғын наркологиялық анықтама алады .  Қалалық наркологиялық медициналық -әлеуметтік түзету  орталығының анықтама беретін терезесі  алдынан күні бойы  кісі үзілмейді.   Алматы қаласы ғана емес , өзге өңірдің тұрғындарына осы жерден анықтама алуға мүмкіндік бар. Себебі,  Орталықтың анықтама беретін базасында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған, яғни Республикалық ақпаратпен қамтамасыз етілген. Тұрғылықты мекен –жәйіне шапқыламай осы жерден анықтама алған кез-келген отандасымыз үшін өте қолайлы.  Анықтама - Наркологиялық есепте бар-жоғы туралы мәлімет  беретін құжат.  Талапкерлер  , әскери кафедра мамандары, банктің сұранысы бойынша және  ауруханада  порталға тіркелу мақсатында,  әскерге шақырылған азаматтар тарапынан сұраныс артқан.  Анықтама ақылы.  

       Енді кімдерге анықтама тегін беріледі?  

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1 және 2 топтағы мүгедектер, әскер қатарына шақырылғандар  және кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер  анықтама ақысыз алады. Тек орталыққа келгенде жеке куәлігін және жеңілдікке рұқсат беретін құжаттарын көрсетуі керек.

  

      Қарлығаш Акшалова Алматы қалалық наркологиялық медициналық -әлеуметтік орталықтың анықтама беретін кабинеттің маманы, медбике. Оның айтуынша Наркологиялық орталыққа сенімді өкілін жіберіп, анықтама алуға болады.    

  -  Ол үшін анықтама алушы басқа біреуге сенім хат тағайындап, оны нотариуста куәландыруы керек. Әрі анықтама алатын адам наркологиялық есепте тұрмауы керек. Есепте тұратынымды білмедім деп, сенімді өкілін әуре-сарсаңға салатындар да болады, - деп күледі Қарлығаш Акшалова.

   

      Маскүнем немесе нашақор деген сөз құлаққа жағымсыз естіледі. Есепте тұрған адамның  жұмысқа орналасуына да кейде тұсау болып жатады.  Әрине қара тізімнен құтылудың жолы біреу ғана. Ол үшін алкогольді сусындар мен есірткіден бас тартып, тәуелділік дертінен емделу керек. Алматы қалалық наркологиялық орталықтың маманы Қарлығаш Акшалованың айтуынша үш жыл бойы ащы су, 5 жыл бойы есірткіден бойын аулақ ұстаған адам ғана наркологиялық есептен шығарылады. Бұған қоса нарколог дәрігер емделушіге кеселден айыққанын дәлелдейтін анықтама береді. Ал көлік жүргізуге рұқсат беріле ме, ол жағын психолог, невропотолог және дәрігер наркологтан құралған комиссия зертханалық  сараптама қорытындысына сүйеніп, шешім қабылдайды.  

      Наркологиялық орталық мамандарының айтуынша Алматыда  7500-ге жуық  адам наркологиялық есепте тұр.