ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

       2017 жылдың 16-маусымында Алматы қалалық наркологиялық орталықта «Медицина қызметкерлері күніне»  арналған  салтанатты жиын өтті.  Кәсіби мереке  қарсаңында  еліміздің медицина саласына қосқан үлесі , адам денсаулығын, өмірін сақтап қалу үшін орасан зор еңбек сіңірген үздік  дәрігерлер , мейірбикелер  марапатталды.        

    Алматы қалалық наркологиялық медициналық –әлеуметтік түзету  орталығының бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова барлық қызметкерлерді  кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет грамоталарын , ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі төсбелгісін  табыстады.

    Орталықтың Бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары Гүлмира Әбдібаева және Бас дәрігердің мейірбикелер ісі жөніндегі Шолпан Шайымова ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі төсбелгісімен марапатталды.

   Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айгүл Әбдікерова «Медицина саласының үздігі»  деген құрметті атаққа ие болды. Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы  емхананың дәрігер наркологы Найля Булинаға берілді. Орталықтың мәжбүрлі түрде емдейтін  №7 бөлімшесінің медбикесі Бахыт Тұрғынбаева «Мейірім» медалін кеудесіне тақты.  Сондай-ақ Қалалық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатын бөлім меңгеруші Қ. Қожакенов,   Қ.          Ақшалова ,  А. Қошиева, Ұ. Әбдіқадырова ,А. Нұржауова ,Т .  Иманбекова алды.  Кәсіби мереке қарсаңында Қалалық наркологиялық медициналық –әлеуметтік түзету орталығының мамандарына  «Нұротан» ХДП мен «Медик» кәсіподақ комитеті құрмет грамоталарын , сыйлықтар тарту етті.  Өнерпаз оқушылар би мен әннен шашу шашып, салтанатты жиынның көрігін қыздырды.  

 IMG_0038.JPG

IMG_0055.JPG

IMG_0073.JPG

            Биыл 4-5 мамырда Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығында Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты жиын өтті. Орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова барлық ер азаматтарды және тыл еңбеккерлерін келе жатқан мерекесімен құттықтады.

yarmarkainvalkaz.jpg05.05.2017ж. сағат 11.00 де «ҚДӘСНО» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Кадр бөліміне хабарласа аласыздар. т/н 382-36-01

ҚНМӘСО қызметкерлері сел  қаупіне дайындық шарасына қатысты.

      Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығында сел қаупі туындаған жағдайда әрекет етуге үйрететін оқу-жаттығу  өтті.  2017 жылдың 20- сәуірінде өткен шара әкімшілік құрамын, медицина қызметкерлері мен жұмысшылардың және орталықтағы Төтенше жағдай қызметінің тәжірибесін , әрекет ету кезіндегі біліктілігін тексеруге мүмкіндік берді. Оқу-жаттығудың басты мақсаты - төтенше жағдай кезінде орталық қызметкерлерінің адамдарды ғимараттан қауіпсіз жерге көшіруге ептілігін шыңдау.

    Бүгін 1 наурызда  Қазақстан халқы «Алғыс айту» күнін атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан ассамблеясының сессиясында жыл сайын ҚХА құрылған 1-наурызды «Алғыс айту» күні деп жариялауды ұсынды.   Елбасы :  «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір- біріне және мейірімділік  танытып,  адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір -біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген еді.

    Алматы қалалық Наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығында «Алғыс айту» күніне арналған салтанатты шара өтті. Орталықтың   бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова ұжымды мерекемен құттықтады.  

    Ал ҚНМӘСО  әлеуметтік қызметкері  А.Жалғасұлы  Қазақстан Республикасы Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың № 173 Жарлығы және елімізде осы мерекенің пайда болуы жайында  баяндама оқыды.

-         Президент Н.Назарбаев  Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылған күн 1-наурызда «Алғыс айту күнін» бекітті  және мерекені тойлау алгоритмі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің алға ілгерілеуіне септігін тигізетін жалпыұлттық бастаманың құжат түріндегі нұсқасы болуы  тиіс екенін атап айтты,- деді А. Жалғасұлы.  

Салтанатты шарада  ҚНМӘТО-ның қызметкерлерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

 ҚНМӘСО бас дәрігері ұжымда кәсібіне  адал медицина саласының мамандарына  алғыс айтып, мерекемен құттықтады.

Сонымен бірге ҚНМӘСО спорт алаңында емделушілер арасында «Былғары доп» атты футболдан турнир өтті.

 

                                         ҚНМӘСО баспасөз қызметі.