ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

WhatsApp Image 2023-02-22 at 17.29.37.jpeg

xrnarko.jpg

 

Психикалық сауықтыру орталығының ақылы қызмет көрсету бөлімі халыққа мынадай қызметтер түрлерін көрсетеді:

073/у нысанды анықтама – жүргізуші куәлігін алу үшін;

076/у нысанды анықтама- лицензиялық-рұқсат беру жүйесіне қаруға рұқсат алу үшін;

075/у нысанды анықтама- оқуға түсуге және жұмысқа орналасу үшін;

028/у нысанды анықтама- көш-қон қызметіне ұсыну үшін.

Есірткіні анықтауға зәр тапсырғаннан соң дәрігер-психиатрдың және наркологтың кабинетінде куәландыру міндетті, сондықтан есепте тұрмайтын туралы eGov-тан анықтама қажет емес.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, анықтамаларды беру «Бірыңғай терезе» форматында, басқа медициналық ұйымдарға бармай-ақ бір жерде жүргізіледі.

Медициналық комиссия өту окулисті, ЛОР-дәрігерді, өкпенің рентгенографиясы және профпатологтың қорытындысын қосып есептегенде 30 минутқа таяу уақыт болады, толық анықтама бірден беріледі.

Сондай-ақ біздер мынадай медициналық қызметтер көрсетеміз:

Компьютермен өңделген электроэнцефалография және невропатологтың кеңесі;       Өкпенің компьютерлік томографиясы және рентгенграфиясы;

Әскер кафедраға түсушілер үшін есірткіні анықтау үшін зәрді зерттеу;

   Азаматтардың жеке жүгінуі бойынша талап ету орнына психиатриялық куәландыру;

Біздің Орталығымыздың бұл қызмет түрлеріне қажетті барлық лицензиялары бар. Анықтамалар қатаң нормативті-құқықтық актілерге сәйкес беріледі.   Рәсімделген барлық құжаттар мөрмен куәландырылып және электронды базада тіркеледі. Бұл олардың шынайылығына және жоғалған жағдайда қалпына келтіру мүмкіндігіне кепілдік береді.                                           

 Сіздер бағалар Прейскурантымен біздің мына сайтымыздан таныса аласыздар: www.cpzalmaty.kz  байланыс телефоны 382-36-81  -376-54-40

WhatsApp Image 2023-01-26 at 15.44.52.jpeg

Бүгін Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері «Жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта жиын өткізіп, сыбайластық жемқорлыққа қарсы жүргізілген шаралар мен атқарылған жұмыстарды талқылады.
«Аманат» партиясы жанындағы Бостандық ауданының Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен өткен басқосуда орталық директоры Сапар Рахменшеев сыбайлас жемқорлықтың ел болашағына, ұлттың қауіпсіздігіне зиянын айтып, келеңсіз құбылыспен күресу әр азаматтың алдында тұрған ортақ міндет екенін шегелеп айтты.
-Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзекжарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық - ел ішіне білінбей кірген індет, жау. Ал біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз - қоғам. «Қоғам - өмірдің айнасы» дейміз. Сондықтан да қоғам қарсы болса, жай емес, түгел қарсы болғанда ғана бұл індетті жоймақпыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру, оны насихаттау да ұшан-теңіз септігін тигізеді. Әлбетте, бірлесіп жасалатын бұл қылмысқа тосқауыл болуымыз керек. Өркениетті алға жетелейтін бағытты ұстанып, артқа тартатын шырмаудан түрлі бәле - кесапаттан сақтанып, жаман дертті балаққа шығармайтындай халде болашаққа нық сеніммен қадам басайық,-деп өз пікірін білдірді орталық басшысы.
Сонымен бірге орталық мейірбикесі Борисова Н жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шара ,үгіт-насихат бойынша баяндама оқыды. Қоғамдағы өзекті проблеманы талқылаған жиынға 70-ке тарта психиатр , мейірбикелер қатысты. Жемқорлықпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып , оны жоюға қарсы қатысушылар да ой-пікірін білдірді.

WhatsApp Image 2023-01-26 at 15.44.48.jpegWhatsApp Image 2023-01-26 at 15.44.50.jpegWhatsApp Image 2023-01-26 at 15.44.49.jpeg

Жалпы білім беру мекемеcінің оқушылары мен студенттер арасында аталмыш тақырып бойынша семинар өткізді

Алматылық дәрігерлер жасөспірімдерді электрондық темекі тұтынудан бас тартуға шақырдыazattyq-ruhy.kz

Алматы қаласы емханаларының медицина қызметкері темекі бұйымдарының, сондай-ақ, вейп (электрондық темекі) және кальянды тұтынудың алдын алу мақсатында, жалпы білім беру мекемеcінің оқушылары мен студенттер арасында аталмыш тақырып бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында қатысушыларға электрондық темекінің адам организміне әсері туралы айтылды.

«Электрондық темекі, немесе вейп, электрондық тасымалдағыш түрінде, мундштук, батарея және қыздырушы бөлшектен, арнайы толтырғыш – сұйықтықтан тұратын атомайзерден құралған. Сұйықтық хош иістендіргіш қосындылардан және никотиннен тұрады, жеке түрде – каннабиноид құрамына кіретін, тетрагидроканнабинолдан жасалған. Бұл қондырғылар глицерин және пропиленгликоль негізіндегі сұйықтықты қыздырады, содан темекінің түтіні емес бу пайда болады. Бұл заттар өкпенің ішіне тұнып тұрып, фиброзға әкеледі. Оны неғұрлым көп тартса, соғұрлым ол тыныс алу жолына кері әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, «өкпе дағы» туындайды»,  дейді С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедрасының доценті, Алматы қаласы №36 қалалық емхананың пульмонолог-дәрігері Даме Сайланова.

Маманның айтуынша, электрондық темекі қарапайым темекіден анағұрлым зиян әрі қауіпті, себебі мұнда никотин буланып, ауыз қуысының шырышты қабатын күйдіреді, бұл онкологиялық ауруларға әкеледі, тыныс алу жүйесін зақымдайды, бас миы тамырларының атеросклерозына апарады, себебі, оны тартқан кезде никотин қанға өте жылдам енеді. Содан барып, бүйрек безімен адреналин шығып, артериалдық қан қысымы жоғарылап, жүрек ырғағы қысқарады. Бұл жүрекке қатты жүктеме түсіріп, соның салдарынан жүрек-қантамыр аурушаңдығы дами түседі. Адам ұйқысы нашарлап, тез ашуланады және назар аудару қабілеті төмен түседі.

Психикалық денсаулық орталығының психологы Елена Манжикова электрондық темекіні неғұрлым жастайынан тұтына бастаса, соғұрлым оны тәуелділіктен құтқару ауырға түсетінін атап өтті.

«Егер жасөспірім электрондық темекіні, мәселен, 13 жаста тарта бастаса және оны 5 жылдан аса тартса, кейін оны тастау өте қиын. Мұнда психотерапияны, аккупунтуралық терапияны, тіпті гипнозды қолдануға тура келеді. Ең алдымен, пациенттің өз қалауы болуы керек және баламен бірге оның ата-анасымен жұмыс істейтін нарколог-психиатр дәрігерге уақытында жүгіну қажет. Емдеу барысында ата-аналары өз балаларын қолдап, сол тәуелділіктен арылуына көмектесу керек. Себебі, бұл жағдайдың орын алуына балаларына дұрыс қарамаған ата-аналар да кінәлі. Балаға сондай-ақ, жүрген ортасы әсер етуі мүмкін», – дейді Елена Манжикова.

Сондай ақ, егер балалар осындай жаман әдетін тастай алмайтын жағдайға тап болса, онда Мақатаев көшесі, 10 мекенжайында орналасқан Психикалық денсаулық орталығы жанындағы емханаға баруды ұсынатынын айтты.

ұнда Орталық мамандары Сізге уақытында және тегін түрде консультативтік, медициналық, психологиялық көмек көрсетеді. Көптеген адамдар осындай жағдайға тап болғанда, баланы мұндай машықпен есепке алмас үшін, білікті медициналық көмектен бас тартады. Мұнда айтарымыз  мамандандырылған көмек құпия түрде көрсетіліп, никотинді тастай алмай жүрген пациенттер диспансерлік есепке алынбайды. Сондай-ақ, сіз 8 -701-733-33-59 номірі бойынша сенім телефонына (тәулік бойы) қоңырау шала аласыз немесе cpzalmaty.kz сілтемесі арқылы Психикалық денсаулық орталығының сайтына жаза аласыз", – деді маман.

Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығында емделіп жатқан балаларға Аяз ата мен Ақша қар Жаңа жыл  қарсаңында қонаққа келді.  Дертіне шипа іздеген алматылық балақайлар шыршаның шамы жарқырап,  ән мен биден шашу шашқан салтанатты шарада ертегілер әлеміне саяхаттап мәз—мейрам болды.  Орталық директоры Сапар Рахменшеев  кішкентай емделушілерге тілек айтып,  олардың өнерін тамашалады.  — Біздің орталықтың балалар психиатриясында  ақыл —есінің кемістігі,  аутизм,  шизофрения ауруы анықталған 24 бала емделіп жатыр. Жаңа жыл қарсаңында біздің балалар да Аяз атаға  хат жазады. Әрине олардың арманы дертінен айығып, құрдастары секілді алаңсыз ойнау.  Бүгін кештің бас кейіпкері  Аяз ата кішкентай емделушілердің сол арманын жақындатқандай болды. Жаңа жылда жақсылық, береке,  молшылық, тоқшылық және денсаулық мықты болсын деп тілеймін, —дейді орталық директоры. Бүгінгі шарада Сапар Құттыбайұлы балаларға тәттілер мен сыйлықтар тарту етті.

02 2022-12-27 at.jpeg01 2022-12-27.jpeg