ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

Марафонға қатысушылар өздерінің достарын, туыстарын, әріптестерін және таныстарын фастфудтан, газды сусыннан, тәттіден бас тартып, көкөністер мен жеміс-жидектерге көңіл аударуға, күнделікті дене шынықтыру, 100 рет кеудені жерден көтеру жаттығуларын жасап, 10 000 қадам жүруге, тәулігіне 2 литр су ішуге, сондай –ақ, «Ал Сіздің қолыңыздан келе ме?» эстафетасын одан әрі жалғастыруға шақырды

.PHOTO-2018-07-13-13-07-20.jpgPHOTO-2018-07-13-13-09-03.jpgPHOTO-2018-07-13-13-10-20.jpg

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Ал 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

Астана — Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 1 миллион асады. Қала үш ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.

Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Өткен жылы Астанада «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің Тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

Астанамыздың 20 – жылдық мерей тойына орай «Психикалық сауықтыру орталығында» шілденің 5 мерекелі іс-шара өткізілді.

ПСО басшысы Рахменшеев С.К барлық қызметкерлерді және қазахстандықтарды Еліміз үшін мағыналы мереке күнімен құтықтады.

[gallery columns="1" size="large" link="none" ids="1607,1608,1609,1610,1611,1612"]

Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығы 2018 жылғы 5 шілде күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін Астананың 20 жылдығын мерекелеуге орай Ашық есіктер күнін өткізеді.

Келіңіздер, ақысыз және анонимді түрде келесі қызметтер ұсынылады:

1.Нарколог-дәрігердің кеңесі.

2.Психотерапевттің кеңесі.

3.Психологтың кеңесі.

 Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қалалық Наркологиялық орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова ең үздік мамандарды құттықтап, марапаттады.

-         Бүгін барлық ғұмырын тұрғындардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған медицина қауымының еңбектері еленетін күн. 

Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке ие. Ұлттың денсаулығын нығайту , денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттары десек, жыл сайын емдеу мекемелерінің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға ықпал етіп, дәрігерлерге заман талабына сай біліктілігін, білімін жетілдіру міндеті тұр. Осы саладағы өлшеусіз еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз.Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын , отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін,-деп бас дәрігер тілек білдірді.

     Жиынға осы орталықты бірнеше жыл басқарған экс -бас дәрігер Б. Дубинин қатысып, әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

IMG_20180614_120246.jpg

Салтанатты шарада кәсіби біліктілігімен ерекшеленген , өз ісіне адал нарколог дәрігер Сәрсенова Г, мейіргер Мансурова С, кіші бике Қастеева К мақтау грамотасымен марапатталды.

IMG_20180614_120255.jpg

Сонымен бірге қалалық және аудандық спартакиада және қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып, ауданның намысын қорғап жүрген қызметкерлер    Өмірбекова Ә , Есімов Н, Райымжанов А, Өтеген А, Аманғазиева Ж да сыйлыққа ие болды.

   Алматы қалалық наркологиялық орталықта 500 –ден астам маман жұмыс істейді. Маскүнемдік пен нашақорлық дертіне шалдығып, шипа іздеген жандарға тәулік бойы қызмет көрсетеді.

       Медицина қызметкерлері күні қарсаңында маскүнемдік, нашақорлықтан және оған тәуелділіктен арылуға араша болып жүрген дәрігерлерге құрмет-қошемет көрсетілді.

       2018 жылдың 14-маусым күні Медеу ауданы әкімі Ержан Жылқыбаев Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, мақтау грамоталарымен марапаттады.

 

IMG_2661.JPG

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында өткен салтанатты шараға аудандағы медициналық бірлестіктердің қызметкерлері , денсаулық сақтау саласының ардагерлері қатысты.