ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

Автор: Almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев аптапта  сіркесі су көтермей, әлсіздік , ұйқысыздық қалжыратып,  мінез-құлқында өзгерістер сыр берген алматылықтарды медициналық көмекке жүгінуге шақырады. 

«Аптап ыстық адам ағзасында гормональды өзгерістердің  пайда болуына түрткі болады. Мұның нәтижесінде  ағзада дофамин,  адреналин, кортизол, серотонин  көп бөлінеді. Бұған қоса,  бүкіл дүниені тұмшалап тастағандай қапырықта   ұйқы бұзылады, жұмыс істеуге зауқы болмайды. Көңіл-күйі тез құбылып, күйзеліске түсіп кетуі әбден мүмкін. Ми қызметінің жұмысы нашарлайды.  Күн райының қолайсыздығынан  адамдардың   эмоциясын  басқару мүмкіндігі тежеледі.   Ашуланшақ, агрессиялық мінездің аяқ астынан пайда болуы да ғажап емес. Дегбірсіз күй, әлсіздік, тәбеттің болмауы психологиялық жағдайға   әсер етеді», -  дейді орталық директоры. 

Сондықтан  мазасыз күй, дегбірсіздіктен құтылу үшін медициналық көмекке жедел жүгінуге кеңес береді. 
Сапар Рахменшеев күн көзінен бой тасалап,  сұйықтықты көп ішу керек дейді. Аптап кезінде адам терлейді және   ағзадағы  сұйықтықты көп жоғалтады. Оны  қалпына келтіру үшін суды көп ішуге , салқын жерде демалуға , алкогольді өнімдерді тұтынбауды ескертеді.  Аптап кезде психикалық ауруға шалдыққан науқастардың да денсаулығы сыр беруі мүмкін дейді орталық басшысы. Сондықтан Сапар Рахменшеев күн көзіне көп шықпауға , денсаулықты сақтауға шақырады.

Нашақорлықтың зияны және алдын алу

Жақында кәмелетке толмағандар арасында есірткінің күрт өсуі байқалды. Мұның себептері жеткілікті: жасөспірімдер мен жастардың есірткінің денсаулыққа, әлеуметтенуге зиянды әсері туралы хабардарлығының төмендігі; сонымен қатар заңсыз синтетикалық құралдардың болуы; сұраныс.

Жасөспірімдер арасында вейп деп аталатын электронды темекілер өте танымал. Вейпинг-жастар арасындағы жаңа ағым, темекі шегушілер топтарға бірігіп, күн сайын жетілдірілетін жаңа дизайн мен жаңа хош иісті қасиеттерге ие болатын әртүрлі бу құрылғыларын сатып алады. Электрондық темекі шегу кезінде ағзаға канцерогендерге жататын көптеген зиянды заттар енеді, олар қатерлі ісік ауруларының пайда болуына ықпал етеді, жалпы денсаулыққа зиянды әсер етеді.

Психикалық денсаулық орталығының директоры Рахменшеев Сапар Құттыбайұлының айтуынша, есірткі нарығында жыл сайын дерлік жаңа сорттар пайда болады. Қазіргі заманғы есірткі заттар салыстырмалы түрде арзан, оларды Интернет арқылы оңай сатып алуға болады.

Синтетикалық препараттар — бұл жаңа психоактивті заттар. Бүгінгі таңда ең көп таралған жаңа психоактивті заттар «Скорость», «Мефедрон».

«Скорость» деген есірткінің ең қорқынышты салдары – бұл зат психозды тудырып психикаға қатты әсер етеді. Бұл бұзылыстың белгілері әдеттегі шизофренияға қатты ұқсайды және көбінесе ұзақ уақыт қолданғаннан кейін дамиды.

Мефедрон — заңмен шектелмеген шегуге арналған тұз ретінде пайда болған синтетикалық препарат, бірақ кейін бұл затты қолдануға тыйым салынды.

Мефедронды нашақорлар өз ортасында «Меф»  деген жаргон сөзімен атайды. «Мефті» 2-3 ай бойы тұрақты қолданғанда денеге қайтымсыз зақым келеді. Нашақор денсаулығы күрт нашарлайды (ішкі органдар ауруыдамиды), бірақ сонымен бірге жеке тұлғаның деградациясына әкелетін психикалық жағдайына да зақым келеді.

Кез-келген түрдегі химиялық препарат денеде ұзақ уақыт сақталады. Бұл жағдайда олардың кейбіреулері тіндерде жиналып, абстинентті синдром және жаңа дозаға деген ұмтылысты күшейтеді. Қабылдау тәжірибесі неғұрлым көп болса, улы ыдырау өнімдері соғұрлым ұзақ сақталады. Синтетикалық препараттарды қолдану физиологиялық және психологиялық денсаулықты бұзады. Синтезделген заттар тәуелділікті тезірек тудырады-кейбіреулеріне тек бір доза жеткілікті. Бірде-бір препарат оң әсер етпейді, синтетикалық сорттар екі есе қауіпті. Олардың химиялық құрамы көбінесе белгісіз, сондықтан артық дозалану және улану қаупі артады.

Есірткіні қолданатын адамның белгілері:

  • o көңіл-күйдің күрт өзгеруі, агрессивтілік, тез ашуланшақ.
  • o тәбеттің толық жоғалуы, үнемі шөлдеу.
  • o тарылған немесе кеңейтілген көз қарашығы.
  • o ыстықта жабық киім, қара көзілдірік кию.
  • o сұрғылт реңді құрғақ тері, жаралар, дақтар және безеулер пайда болады.
  • o жұмысқа, оқуға немесе хоббиге деген қызығушылықты жоғалту.
  • o денеден және киімнен жағымсыз химиялық иіс.
  • o қоқыс жәшігінде біртүрлі діңгектердің, сөмкелердің, дәрі-дәрмектердің қаптамаларының пайда болуы.

Егер адам есірткі қолданады деген күдік болса, мамандарға (Жастар денсаулық орталықтарына, наркологқа) жүгіну керек.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

6e29c7ef-7ded-435d-972f-ef681f7b2d78.jpg

Сапар Рахменшеев: Денсаулық сақтау аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс Бүгін, 13:34 Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының мамандары соңғы кездері ата-аналарды алаңдатқан балалардың психологиялық жағдайына қатысты өзекті түйткілдердің түйінін тарқатып, медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жасөспірімдермен жұмыс істейтін мекемелердің мамандарына көмекші құрал ретінде бірнеше әдістемелік нұсқаулық әзірлеуге кірісті. Қазір орталықтың бастамасымен суицидтің алдын-алуға арналған әдістемелік нұсқаулықты алматылық психологтар мұғалімдерге, психологтарға және ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларына, ата-аналарға тегін үлестіріп жатыр.

Талдау негізінде кәсіби кеңес дайындау

Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеевтің айтуынша, жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары бойынша түрлі зерттеу мен талдау жүргізілген. «Бұл Қазақстан-Ресей медицина университетімен бірлесіп әзірленген оқулық, әдістемелік құрал. Балалар мен ата-анасының, педагогтің қарым-қатынасы, жасөспірімдердің психологиялық жағдайы, мінез-құлқында қандай да бір өзгерістер пайда болғанда назар аударып, дабыл қағу және қалай әрекет ету керектігі айтылады. Талдау кезінде баланың жасы, жынысы, тұрмыстық жағдайы назарға ілікті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен шетел ғалымдарының тәжірибесіне сүйеніп әзірленген әдістемелік-нұсқаулық осындай оқыс оқиғалардың азаюына септігін тигізеді деп сенемін», — дейді ол.

08cd5d2e-e75f-46cb-b10d-fa1e9b9f41be.jpg

Бала психикасы өте нәзік. Сондықтан бұл мәселеге ата-анадан бастап, кімнің де болса бей-жәй қарамағаны жөн. Психологтар келешекте суицидтен болатын өлім-жітім қатерлі ісіктен қайтыс болғандар туралы статистикалық көрсеткіштен асып, екінші орынға жетуі мүмкін деп алаңдайды. Сапар Рахменшеевтің айтуынша, бұл кесапаттың алдын-алудың ең жақсы әдісі — жастар мен ата-аналарды, дәрігерлерді балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлық ерекшеліктеріне арналған білім беру бағдарламаларын оқытып, толық ақпаратпен қамтамасыз ету. Айта кетейік, Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығында психологиялық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында тәулік бойы сенім телефондары жұмыс істейді. Клиникалық психологтар қала тұрғындарына, қонақтарға кеңес береді. Сонымен бірге орталықта ментальді білім беру мектебі іске қосылған. Мұнда әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, заңгерлер психикалық көмекке мұқтаж адамдарға және науқастардың туысқандарына тегін құқықтық, медициналық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес береді. 2019 жылы 28 адам мектептің қызметіне жүгініпті. Биыл 300 жуық тұрғын құқықтық көмек алған.

4ac8325d-de4d-4803-bc64-c09c891f7116.jpg

«Жақында Алматы қаласының білім басқармасымен бірге «Балалар компьютерге қанша уақыт телміреді?» деген сұраққа жауап іздеу мақсатында анкеталық сауалнама жүргіздік. 1-11 сыныпта оқитын 3000 оқушы анкета сұрақтарына жауап берді. Қазір біздің орталықтың кәсіби психолог, психиатрлары оған талдау жасап жатыр. Бұрын-соңды мұндай зерттеу жүргізілмеген. Қорытындысы екі аптадан кейін дайын болады. Қай жастағы бала қанша уақыт интернетке байланады және сабақ оқи ма? Біздің психологтар әр баланың жасына байланысты гаджетті пайдалануға кәсіби кеңес әзірлейді», — дейді орталық директоры. Психологтар анкеталық жауаптардың негізінде әдістемелік нұсқаулық әзірлеуді жоспарлап отыр.

Еңбек терапиясының пайдасы

Алып шаһардың тұрғындарына психологиялық және наркологиялық көмек көрсететін орталықта еңбек терапиясы жолға қойылған. Мұндағы тігін цехы мен баспаханада науқастар еңбек етеді. Сонымен бірге орталықтың ауласында көкөніс егіп, жеміс ағаштарын баптап, күзде өнімін жинайды. Өткен күзде науқастар жүзге жуық ағаш егіпті. Орталықта медициналық ұйым басшыларына науқастар тіккен медициналық киімдер, төсек жиынтықтарының көрмесін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Бірнеше емханадан тапсырыс та түскен. Сапар Рахменшеевтің айтуынша, психикалық ауруға шалдыққан, есірткі заттарын немесе алкогольдік өнімдерді тұтынып, одан емделген науқастардың қоғамға бейімделуі өте қиын. Себебі мұндай кеселден айықса да, ешқайда жұмысқа алмайды. Сондықтан орталық басшысы науқастар осы дүниенің бір кірпіші болып қалануы үшін еңбек терапиясының маңызды екенін алға тартады.

14e3024d-ed6e-4422-a8fe-7feb42fdea54.jpg

«Былтыр қазан айында Дүниежүзілік психикалық денсаулық саласы мамандарының конгресі өтті. Осы халықаралық жиында біздің орталықтағы еңбек терапиясының атқарған қызметі және науқастардың тіршілігі жайында бейнебаян көрсеттім. Әлем дәрігерлері мұндай жаңалыққа оң баға берді. Әзірге еңбек терапиясының жұмысын өз күшімізбен дөңгелетіп отырмыз,- дейді Сапар Рахменшеев.

23118a71-20b7-4a35-a26c-6079e88f557c.jpg

Сапар Құттыбайұлының айтуынша, орталыққа түскен науқастардың денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Тіпті компьютерлік томографиялық және ультрадыбыстық зерттеулер арқылы олардың басқа да дертін ертерек анықтап, емдеу сапасын арттырған. Биыл маусымда синтетикалық есірткіні жедел анықтайтын хроматограф іске қосылмақшы. Бұл туралы орталық директоры: «Хроматограф кітапханасында синтетикалық есірткінің 5 мыңнан астам түрі жөнінде дерек бар. Соның реагенттерін әкелсек, маусым айынан бастап іске қосамыз. Қазіргі таңда қалада психикалық денсаулық орталығында түрлі психикалық және наркологиялық кеселге шалдыққан 16 мың науқас динамикалық бақылауда тұр. Біздің мамандар есірткі заттары, алкогольді сусындардың зияны мен зардабы жайлы тренингтер, басқосуларды тұрақты түрде ұйымдастырады. Оған ата-аналар, оқушылар, студенттер, ұстаздар қатысады. Біздің мақсатымыз — ұрпақты осындай жағымсыз әдеттерден аулақ болуға үгіттеу. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек», — дейді.
Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/sapar-rahmensheev-densaulykh-sakhtau-aurudyn-aldyn-aluga-bagyttaluy-tiis/

 

БҰҰ-дың мәлімдеуінше, есірткі жыл сайын әлемде 500 мыңнан астам адамның өмірін қияды

Елімізде есірткіге еліткендер саны артып келедіegemen.kz

Соңғы 5 жылда елімізде есірткіге еліткендер саны 14 есеге өскен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бүгінде республика бойынша 109 мыңнан аса адам наркологиялық есепте тұр. Оның 16 мың 761-і әйел. Ал бір Алматының өзінде қазір ішімдік пен есірткіге салынған 900-ден астам қыз-келіншек ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 

47 жастағы Алматы тұрғыны наркологиялық есепте тұрғанына 7 жыл болған. Осыдан 8 жыл бұрын күйеуі, кейін ата-анасы қайтыс болып, күйінгеннен ішімдікке салыныпты. Бұған дейін 3 мәрте орталықта емделуге тырысқан. Алайда, алкогольге тәуелді екенін жасырмайды. «Арам су өмірім мен денсаулығымды құртты» деген ол бұл жолы мәжбүрлі ем қабылдап жатқанын айтады.

«Туыстарым да мәжбүрлеп әкелген кездер болды. Ең сорақысы, сәл қиыншылық болса, мен өзімді ұстай алмай қаламын. Бұл – әдет емес, асқынған ауруға айналды десем болады. Ішімдікке салынып, ата-анамның жүйке жүйесін тоздырдым. Олар менің бұл әрекетіме шыдамады деп ойлаймын», – деді тұрғын.

Қазір жалғызбасты әйел қалалық психикалық сауықтыру орталығының наркологиялық қызметінде ем қабылдайды. Бұл мекемеде ішімдік пен есірткіге тәуелді 4608 адам тіркеуде тұр. Олардың 900-ден астамы әйел. Былтыр көрсеткіш мыңнан асыпты. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта қыз-келіншектер алкоголь мен психотроптық заттарға әуестенуі – қауіпті құбылыс.  

«Қазіргі әйелдердің бұрынғымен салыстырғанда қоғаммен қарым-қатынасы өте белсенді. Ол стресстік жағдайға және қоғамда болып жатқан зиянды қауіп-қатер факторларына жиі ілінеді. Әрине, ешкім оны әдейі бастамайды, қоғамның, қоршаған ортадағы адамдардың әсерін өздері білмей қалады. Есірткіні немесе алкогольді сусындарды қабылдай бастайды да, тәуелділікке шалдығып қалады», – деді Психикалық сауықтыру орталығы наркологиялық қызметінің бөлім меңгерушісі Данияр Сүйінбеков.

БҰҰ-дың мәлімдеуінше, есірткі жыл сайын әлемде 500 мыңнан астам адамның өмірін қияды. Қазір елімізде наркологиялық есепте 109 мың 216 адам тұр. Оның 102-сі бала. 16 мыңнан астам нәзік жанды ішімдік пен психотроптық заттарға тәуелді. Мамандардың айтуынша, улы «тажалдың» тырнағына ілінгендердің жүйке жүйесі мен ағзасы зақымдалады, дұрыс ойлана алмайды. Бірақ науқас дертке шалдыққанын мойындап, ұзақ уақыт ем қабылдаса, тәуелділіктен құлан таза айығуға мүмкіндік бар.

«Бірінші сатысында дезинтаксикация жасалады. Яғни, уланған ағзаны тазарту керек. Егер қосымша, бауыр, бүйрек зақымданса, оны қалпына келтіру керек. Бұл дәрілік сатысы. Кейінгі саты ол – оңалту. Ол кезде науқастар психологтармен, психотерапевттермен жұмыс істейді. Егер құжаттары жоғалып қалса,  қаайта жасап береміз», – деді Психикалық сауықтыру орталығы наркологиялық қызметінің бөлім меңгерушісі Данияр Сүйінбеков.

Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының наркологиялық қызметіне ішімдікке салынған немесе есірткіге тәуелді адамдарды көп жағдайда тәртіп сақшылары мәжбүрлі түрде алып келеді. Қоғамға қауіпті деп танылған масаң күйдегі мұндай азаматтарға дәрі-дәрмек беріліп, қажетті психологиялық көмек көрсетіледі. Ал ем-шараға көнбей, бұзақылыққа баратындар болса, мекемеде қауіпсіздік қамтамасыз етілген.

Аяулым Көлжігіт, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» телеарнасы

Ақтөбеде синтетикалық есірткі салушы ұсталды » Керек.info  қоғамдық-ақпараттық апталық газетінің интернет нұсқасы

 Диспансерде синтетикалық есірткіге тәуелділіктен емделіп жатқандардың көрсеткіші соңғы үш жылда 54 пайызға өскен. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы осындай мәліметімен бөлісті. Автор: Асқарбек Қазанғап 03.05.2023 "7-20-25" бағдарламасын жалғастыру қажет, бірақ ... Атырауда тоғыз қабатты үйдің жертөлесі жекенің қолына өтіп кеткен Автонесие: Көлік құнының 15 пайызы алғашқы жарна ретінде талап етілуі мүмкін Сорақысы сол, аталмыш кеселдің қақпанына түсіп жатқандар жылдан-жылға жасарып барады. Жазасын ойламай, оңай ақша тапқысы келіп, есірткіні жасыратындардың да қарасы көп. Интернет арқылы жүзеге асырылып жатқан қылмысқа тосқауыл бар ма? - Қазір жасым отызға келіп қалды, синтетиканы мектепте оқып жүргенде алғаш рет қолдана бастағанмын. Достарым берген болатын. Бұл жігіт «бір рет қана қолданып көремін» деп, жастық шағын есірткі-шайтанның уысына ұстатқан. Сананың да, тұрмыстың да құрдымына кеткен азамат қазір Алматыдағы Психикалық сауықтыру орталығында емделіп жатыр.  Ол үшін мефедрон атты бәлекетке байланған қатарластарының көп болуы қалыпты құбылысқа айналғандай. - Қазіргі уақытта мефедрон, әсіресе, жастардың арасында үлкен сұранысқа ие.  Байы да, кедейі де синтетиканы пайдаланады. Ләззат алу үшін адам соңғы ақшасын беруге дайын. Қарызға батасың. Айналаңдағыларға өтірік айтуың көбейеді. Өз-өзіңді ол тәуелділіктен алып шығу өте қиын. Соның кесірінен жұмысымнан да, барымнан да айырылдым. Бұл орталықтың өзінде 5 мыңға жуық адам есепте тұр. Оның жартысы –  есірткіге тәуелділер. Бұрын героинге әуес жандар көп болса, синтетиканың келуімен олардың қарасы сирепті. Қазір жаппай «мефедрон», «скорость» қақпанына түсіп жатыр. Бір сәттік ләззаттың одан соңғы азабы сұрапыл. Гүлмира Әбдібаева, «Психиканы сауықтыру орталығы» КМК бас дәрігердің орынбасары: - Психикалық өзгерістерге ұшырап жатқан балалар өте көп. Және бір рет қолданып, психоз жағдайымен жедел жәрдеммен түсіп жатқан аурулар көп. Психикасы өзгеріп кетеді, галлюцинация, есту галлюцинациялары, қорқыныш сезімі, қоршаған ортаны басқаша қабылдау, өз денесін басқаша қабылдау, осындай психикалық өзгерістер дамиды. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практика орталығы өз есебін жүргізген. Науқастардың дені 18 бен 30 жас аралығындағылар. Кемәлетке толмаған тәуелді  балалар да жылдан жылға өсіп барады. Нәби Есімов, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практика орталығы директорының орынбасары: - 2020 жылы бізде динамикалық бақылауда 449 адам болса, 2021 жылы  528 адам, 2022 жылы 661 адам есепте болды. Ал 2023 жылдың бірінші тоқсаның қорытындылаған кезде 694  адам динамикалық бақылауда болды. Бұл 2020 жыл мен қазіргі таңдағы өсуді бақыласақ, ол 54 пайыздан астам өскен. Яғни қандай өзекті мәселе екеніне көз жетіп отыр. Алматы полициясы жыл басынан бері 7 келі синтетикалық есірткіні тәркілеген. Төрт астыртын жұмыс істеген зертхана жабылған. Соның өзінде жаңбырдан кейін қаптаған саңырауқұлақтай басқасы ашылып жатыр. Интернет арқылы саудалайтындықтан, көбіне бұл қылмыстың басында  тұрғандарға құрық бойламайды. Салтанат Әзірбек, Алматы полиция департаментінің ресми өкілі: - Өздері бірбірін танымайды. Тапсырысты интернет арқылы алады. Кішігірім тапсырыс беретін адамдарды да көзбе-көз көрмейді, яғни бір-бірімен байланыспайақ, осындай қылмыс істелініп жатыр. Кей  кезде тапсырыс беруші, яғни жұмыс беруші шетел азаматы болып шығады. Қылмыскерді ұстау, науқасты емдеу – осы кеселдің салдары. Ал адамның есірткіге тәуелді болу себебінің тамыры тереңде жатыр. Сайып келгенде құмарлық құзынан құламау әркімнің өз қолында. Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Tele

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.