- Подробности
- Просмотров: 233
Психикалық ауытқуы бар балалар актер болуды армандайды.
Жасөспірімдерді күйзеліс құрсауынан құтқару үшін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында сауықтыру бөлімі , аспаздық сыныбы, театр мектебі ашылған. Бүгін кішкентай емделушілер тұңғыш мәрте сахнаға шығып, қуыршақтарды сөйлетті. Әртүрлі жастағы жасөспірімдер «піл мен тышқанның достығы» жайлы қойылымның кейіпкерлерін өз қолымен құрастырыпты. 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының балалар бөлімінде емделушілер көпшілікке осылай өнерін паш етіп, дәрігерлер сыйлық тарту етті. Олардың бірі әнші, бірі актер, кейбірі аспаз болуды армандайды. Күйзеліс пен ақыл-есінің дамуы тежелген ұл-қыздар
ән шырқап, өлең оқыды. Балалар асфальтқа көк аспан, жарқыраған күннің суретін салып, қоғамға деген өз көзқарасын қылқаламмен білдірді.
-Бұл балаларды өзін тануға, қоғамның мүшесі болып қалыптасуға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырдық. Сауықтыру шарасы арқылы өзін -өзі түсінбейтін, өзінің жанындағы адамдармен, қоғам өмірімен біте қайнасып кетуге қауқарсыз жасөспірімдердің қанатын қатайтып, оларға өз мүмкіндіктерін шыңдауға көмектесу. Театр , актерлік шеберлік оларды ұялшақ, тартыншақ болудан арылуға көмектеседі, -дейді орталықтың бөлім меңгерушісі Ольга Александрова.
Алматы қаласы бойынша 2600 бала психикалық аурулар бойынша динамикалық бақылауда. Олардың басым бөлігі ақыл -есі дамуының тежелуі, аутизм және шизофрениямен аукырады.
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының баспасөз қызметі.
- Подробности
- Просмотров: 255
2024 жылы 10 мамырда психикалық сауықтыру орталығында халыққа денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ашық есік күні өткізіледі. Өткізілу уақыты сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін. Сіздер ашық есік күнінде мамандардан кеңес алып, ойларыңызда жүрген қызықтырушы сұрақтарды қойып мемлекеттік қызмет алу жөніндегі жауап ала аласыздар.
Өткізілу орны: Алматы қаласы, 1) М.Мақатаев көшесі, 10 үй
2) Ә.Кекілбайұлы, 117 а үй
- Подробности
- Просмотров: 735
«Алғыс айту» күні құтты болсын!
Психологтар отбасындағы кикілжіңді шешуге кірісті.
Бүгін Алматы қалалық сауықтыру орталығында бақытты отбасы және зорлық-зомбылықты талқылаған жиын өтті. Орталық директоры Сапар Рахменшеевтің айтуынша соңғы кездері ерлі-зайыптылар арасындағы дау-дамайды шешу, шаңырақтың шайқалмауы үшін психологтар қала тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді.
Былтыр Алматыда отбасындағы кикілжің ушыққан 2000 –ға тарта шағым түскен. 102 жедел телефонына хабарласып, полиция өкілдерін шақырғанотбасының түйіткілін шешуге, жұбайларды татуластыруға орталықтың психологтары Гүлмира Тұрысқанқызы және Мөлдір Әміртай атсалысыпты. Олар үйінің берекесін қашырып,жұбайын жұдырықтаған 200 агрессорға психологиялық көмек көрсеткен. Алкоголь сусындарын тұтыну, ері мен әйелі арасындағы әңгімелесу, түйіткілді бірлесіп шешуге ықыластың болмауы, бірін-бірінің уәжін тыңдамауы , жұмыссыздық зорлық- зомбылықтың туындауына түрткі болатын ең басты проблемалар дейді психологтар.
Бүгінгі жиынға Бостандық ауданы әкімдігінің Қоғамдық дамыту бөлімінің бас маманы Сәдібек Қ.Р және "AMANAT" партиясының Ботсандық аудандық филиалының кеңесшісі Даулеткан Н.Д. қатысты. Орталық директоры Сапар Рахменшеев отбасының шамшырағы , аяулы ана, сүйікті жар және жұмыста беделді қыз-келіншектерге гүл сыйлап, көктем мерекесімен құттықтады.
- Подробности
- Просмотров: 434
«Алғыс айту» күні құтты болсын!
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтайды. Халқымыздың денсаулығын нығайту мақсатында тер төгіп, кәсіби біліктілігі мен білімін медицина саласына арнаған әртіптестерге шын жүректен алғыс айтамыз.
Жер бетіне күн шуағы мен нұрын төккен көктемнің алғашқы күні әр шаңырақты мейірімділік, махаббат пен ынтымақтастық, қайырымдылық, ізгіліктің шапағатына бөлеп, бірнеше ұлттар мен ұлыстар мекендеген тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы желбірей берсін!
Бүгінгі ерекше күні мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс және шығармашылық табыс тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
- Подробности
- Просмотров: 449
Бүгін Алматыда «Төтенше жағдай кезінде психологиялық көмек көрсету» атты семинар өтті. Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы ұйымдастырған басқосуға Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің психологы, Бостандық аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және емханалардың психологтары қатысты.
- Төтенше оқиға кезінде кез-келген адам өз өмірін құтқару үшін жанталасады. Дегенмен тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырамын. Әрі мұндай дүрлігу өзіңізді құтқаруға кедергі жасайтынын ескеріңіз. Себебі , төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, ақыл таразысына салып, барынша өзіңізді және отбасыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш жұмсау керек. Бүгінгі семинарды ұйымдастыруға медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін психологтардың психологиялық реакцияларға жедел талдау жасап, жеке тұлғаның есін жиып, сол жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін арттыруға, пайда болған шекаралық жүйке-психикалық бұзылулардың психотерапиясына көмектесуге машықтандыру,- дейді орталықтың директоры Сапар Рахменшеев.
Орталықтың кафедра меңгерушісі, профессор С. Ешімбетова болашақ психологтарды төтенше жағдай кезінде зардап шеккендермен жұмыс істеуге бейімдеп, еріктілер тобын құру туралы ұсыныс айтты. Сонымен бірге дағдарысқа ұшыраған адамға қалай көмектесудің әдістерімен бөлісті.
- Кім екеніңізді және қандай функцияларды орындайтыныңызды нақты айтыңыз. Көмекке мұқтаж адамдардың аттарын біліңіз. Зардап шеккендерге көмек жақын арада келетінін, сіз оған қамқорлық жасайтыныңызды айтыңыз. Жәбірленушінің қолын ұстаңыз немесе иығынан сипаңыз. Басыңызға немесе дененің басқа бөліктеріне қол тигізуге болмайды. Зардап шеккен адаммен бірдей деңгейде позицияны ұстаңыз. Зардап шеккен адамға арқаңызбен бұрылмаңыз,- деп орталықтың кафедра меңгерушісі, профессор С. Ешімбетова бойын үрей билеп, паниканың жетегінде есінен айырылғанда әрекет етудің амалдарымен бөлісті.
Семинарда мамандар төтенше жағдай кезінде үрейдің қауіптілігі, қателіктерге жол бермеудің амалдарын айтып, психологиялық көмекті ұйымдастырудың тетіктерін айтты.